|
Фото: kstnews.kz |
"Егер Форбсқа сенер болсақ, біздің қазақстандық, 2013 жылы түрлі фирмалар арқылы мемтапсырыстардың ірі алушысы болған – ал ол дегеніңіз 15 жеке тұлға, 400 миллиард теңгені игерген, Бұл барлық мемсатып алу көлемінің 37,8%-ын құрайды. Олар кімдер, осы бақытты жандар, 15 жеке тұлға? Оны білуге құқымыз бар, себебі мәселе біздің ортақ бюджеттік қаражатымыз жайында", - деді Дариға Назарбаева бейсенбіде мәжілісте "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның жаңа нұсқасын талқылау барысында.
Ол заңға мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарттағы ақырғы бенефициардың көрсетілуі керектігі туралы норманы енгізуді ұсынды.
"Ақырғы бенефициар белгілі болуы керек, оның жеке тұлға ретіндегі мәліметтері, саудада жеңген компанияның құрылтайшысының кім екендігі анық болуы керек. Және оған қоса біліктілік талаптары көрсетілсін, компанияның өзіне де, сол жеке тұлғаға да. Себебі мұғалім немесе жүргізуші болып жұмыс жасап жүргендер, компания құрып, конкурста ұтып жатады, ондай болуы мүмкін бе? Жүргізушіде немесе мұғалімде кенеттен ондай мүмкіндік қалай туа қалды?", - деп таңданысын білдірді Назарбаева.