Режеп Тайып Ердоғанға лаңкестік шабуыл жасалды
2015 ж. 02 ақпан
2105
1
Түркия астанасы Анкарада ел президенті Режеп Тайып Ердоғанға қарсы жасалған лаңкестік шабуылдың алдын алды деп, хабарлайды 24 kz.
2 ақпан жергілікті уақыт бойынша сағат 04.00 шамасында Түркия президентінің көлігі жүріп өтетін жол бойындағы ғимарат аулаларының бірінде екі жарылыс болды.
Оқиға орнына Түркияның қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері келіп, сол ауданнан тағы бірнеше жарылғыш құрылғыларды тапты.
Аталған факті бойынша тергеу басталды. Жарылыс нәтижесінде зардап шеккендер жоқ.