Неге біздің жолдар тез бұзылады?
2009 ж. 07 желтоқсан
1828
0
Біздегі асфальт жолдың тез бұзылуының әбден үйреншікті болғаны сонша, жұрт солай болуға тиістей қабылдайды. Жолдың тез бұзылуы кеңес кезеңінен жалғасып келеді, себебі жол салу технологиясы, нормативтері әлі түбегейлі өзгерген жоқ. Әзіргі заман талабына сай жаңа технология, жаңа материалдар пайдаланылмай жатыр.
Мысалы, керемет жарнама жасалған Орал-Атырау күре жолы үш жылға да жеткен жоқ. Ал, Астана-Алматы жолы кезінде Елбасының өзінің сынына ұшырап, кейбір мердігер компаия ауыстырылған да болатын.
Жол дүниежүзілік стан¬дартқа сай сапалы салынып, оның өмірі ұзаруы үшін міндетті түрде барлық салынатын жолдың асфальттың астынғы қабатына 10-15 см қалыңдықта бентонит балшығы төселуі тиіс. Себебі бентонит ылғалды тез арада бойына тартып алады да өзінің көлемін 15 есеге дейін ұлғайтады. Сөйтіп барып асфальтқа астынан да, үстінен де ылғал өткізбейтін қабат құрайды. Бентониттің көлемі ұлғаятындықтан ылғал өтетін су көздерін өте мекем етіп жабатын қасиеті бар. Бұл технология аса қымбат та тұрмайды, ал бірақ бентонит төселіп салынған сапалы асфальт жол еш уақытта да бұзылмайды. Әзіргі кезде бұл тәсілді бүкіл дүние жүзі пайдаланып жатыр.
Барлық су қоймаларына, бассейндерді салғанда міндетті түрде бентонит төсеу керек. Көксарай су қоймасын салушылар жобалау институттарының көне нормативтерімен жұмыс істеп, тек қана бетон құюмен шектеліп жатыр, бұндай қателіктерді су жіберілмей тұрғанда тезірек түзету керек.
Кеңес Одағы кезінде Саяно-Шушенск ГЭС салынды, бірақ жобалаушылардың осындай қателігінен су шығыны 2 жыл толастамай қойған. Оны бентонит балшығын пайдалануы арқылы көп ғана әрең тоқтатқан.
Бентонит экологиялық ортаны қорғауда, радиактивті және жаман иісі шығатын түрлі қалдықтарды көмуде өте таптырмайтын материал.
Бентонит балшығының біздің Оң¬түстік Қазақстан облысында өте сапалы да үлкен қоры бар. Оны кезінде Өзбекстан пайдаланып келді, ал қазір Қазақстандық мамандардың қолына өтті.
Барлық жол салумен, қоршаған ортаны қорғаумен айналысып жүрген мекемелерге бентонитті пайдаланыңыздар дегіміз келеді. «Сахара-К» ЖШС сіздерді бентонитпен жеткілікті мөл¬шерде қамтамасыз етеді. Келісім шартқа тұрыңыздар.
Құрал ЕРЖАНОВ,
Инженер
№46-47 04.12-11.12.2009 ж.