Автокреслоларды алдыңғы орындарға орнату әлемдік автоөндірушілердің нұсқауларына қайшы...
2015 ж. 26 қаңтар
2008
0
26 қаңтар 2015
Азат Перуашев: Жол полициясы басшылығының балалар автокреслоларын алдыңғы орындарға орнату талаптары әлемдік автоөндірушілердің нұсқауларына тікелей қайшы келеді |
Жол полициясы басшылығының балалар автокреслоларын алдыңғы орындарға орнату талаптары әлемдік автоөндірушілердің нұсқауларына тікелей қайшы келеді – бұл жөнінде Азат Перуашев журналист Михаил Козачковтың сұхбатында мәлімдеді. «Ақ жол» партиясының көшбасшысының пікірінше, жуырда «Ақ жол» ҚДП-да өткен тыңдауда депутаттар және блогерлер Альянсының сұрақтарына жол полиция басшыларының берген жауаптары, балаларды ұстайтын құрылғыларды (БҰҚ) іс жүзінде пайдалану мәселелерінде олардың біліксіздігін көрсетті. Осылайша, ІІМ сарапшылары, баланың салмағы мен жасына қарай балаларды ұстайтын құрылғылардың 4 категориясынан басқа, баланың бойына сәйкес қосымша тағы төртеуін енгізу керек деп мәлімдеді. Азат Перуашевтің – әрбір таксиде мұндай құрылғылардың нешеуі болу керек – деген сұрағына жауап болған жоқ. «Ақ жол» жетекшісі қарапайым мысал келтірді. Таксиде 4 жолаушы орны бар, оның аз дегенде бір орнын үлкен адам алады, ал қалған үшеуіне керек бола қалған жағдайда БҰҚ-тың 4 түріде болу керек, сондатаксопарктегі әрбір автокөлікке 12 БҰҚ-тан келеді. Мұнда тағы бір градацияны (бой бойынша) енгізсе, онда ол 12 емес, бүкіл БҰҚ-ның 48-ін бір көлікке қолдану керек. Басқа да сұрақ жауапсыз қалды – бұл құрылғылардың көлемі қандай болады (не құрылымға, не материалдарға талаптар жоқ болғандықтан)? Бұның бәрін әдеттегі шағын литражды машинаның қай жеріне орналастырамыз? Бұл жаңалықтың бағасы ондаған машиналары бар таксопарктерге және олардың жолаушыларына қандай болмақ? ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитеті басқармасының бастығы К.Садуақасовтың «Балаларды ұстайтын құрылғыларды, құрылымымен қарастырылған көлік құралында қолдану керек деген пайымдауы түсінбестік туғызды. Егер қарастырылмаса (мұндай құрылғыларды ескі көліктерге пайдалану), онда мұндай көлік құралына талаптар қойылмайды». Сонымен бірге, ол «Мұндай көлік құралдарында балаларды тасымалдау қажет емес» деп мәлімдеді. Сонда, заң бар, бірақ бәрі үшін емес болып тұр ғой? Бұдан басқа, Азат Перуашев, «Кепілдемелік сипаттағы сілтеме» түріндегі жауап жүргізушілерді алдамау керек» деп санайды. «Болжауға тәуекелдік жасасам, жол полициясы міндетті түрде басшылықтың соңғы ескертпесін қару етіп алады: болмайды – яғни болмайды. Рұқсат етіледі, бірақ... белгілі бір жағдайларда ғана. Нақты қандай жағдайларда екенін, аңғарып көріңіз». Бірақ кішігірім автокөлікте артқы орындарға 2-3 балалар креслосын орнатудың мүмкін еместігі туралы сұраққа ІІМ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының бастығы К.Сұлтанбаевтың жауабы мүлдем мағынасыз болды. Сұлтанбаев мырза автокреслолар артқы орындарда орнатылмауы тиіс, тек алдыңғы орындарда орнатылуы керек екенін нық мәлімдеді(?!). Бұл көзқарасты жуырда «Жеңіл автокөлікте біз.. бір баланы алдыңғы орынға автокреслоға отырғыза аламыз» деп мәлімдеген ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы И.Лепеха да растады (?!). «Ақ жол» көшбасшысы осыған орай жол полициясының бастығы, жетекші әлемдік автоөндірушілер нұсқауларында балалар креслоларын алдыңғы орындарда орналастыруға тікелей тыйым салатынын біле ме екен деп ден қойды! А.Перуашев қалаушыларға өздерінің автокөліктеріндегі инструкцияларын қарап шығуды ұсынды (фотолар тіркеледі). Тұтастай алғанда, жол полициясы басшылығының түсіндірмелерінен, «Ақ жол» депутаттары таңқаларлық қорытындылар шығарды: а) ескі, кеңестік көліктерде балалар құрылғылары және автокреслолар керек емес; б) заманға сай шетел маркілі автокөліктерге автокреслолар керек, бірақ оларды біздің ІІМ орнату керек деп ұйғарады, олар сіздің балаңыз үшін қауіпті. в) Бірақ, тұтастай алғанда, бұл норма міндетті және сол үшін жазалайды. «Бұл біздің жол полициясының біліктілік деңгейінің көрнекті иллюстрациясы», - Азат Перуашев күйінішпен айтты. «ІІМ деген құрметіме қарамастан, мен олардан гөрі өздерінің өніміне тікелей жауапкершілікпен қарайтын автоконцерндерге көбірек сенемін», - деп қосты. Азат Перуашевтің бұл тақырыпқа берген толық сұхбатын мына сайттан оқыңыз: http://akzhol.kz/ru/news/show/4888/118/127 2015 жылдың 26 қаңтары, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі qazaquni.kz |