БҰЛ ДОКТРИНА – ҚАЗАҚҚА ҚАРСЫ ҚҰЖАТ!

Амангелді АЙТАЛЫ:

– Аға, жақында жария¬ланған «Қазақстанның ел бірлігі доктринасы» көптеген дау туғызып жатыр. Сіз өзіңіз доктринадан не түйдіңіз? Қазақстандық ұлт идеясын қандай жағдайда қабылдауға болады? – «Ел бірлігі» деген Қазақстандық ұлтпен бірдей ме? Бірдей емес пе? Егемен Қазақстанда бірдей емес деген пікір айтылды. Осы мәселені де айту керек сияқты. Бүгінгі күнгі Ұлт саясаты туралы әңгімелегенде айта кететін мәселе, біз өтпелі кезеңнен аман-есен шықтық. 1988-89 жылдары мүйізі қарағайдай ғалымдар Қазақстанға екі түрлі болжам айтты. Соның біріншісі, «мемлекет үлкен, ұлтаралық жанжалдар отанына айналады, оған негіз бар, екіншіден сол қарама-қайшылықтардың, жанжалдардың алдын алып Қазақстан бейбітшілік жолға түседі. Жас та нәзік біздің мемлекетіміз қандай жолды таңдайды?» деген пікірталастар болды. Шындығына келгенде біз сол даудың алдын алдық. Міне, бұл біз үшін үлкен шүкіршілік ететін мәселе. Себебі сыртқы күштер, тіпті оларды айтпағанда өзіміздегі патриотпыз деп жүрген қоғамдық қозғалыстар да үлкен қызбалыққа салынды. «Біз елдегі басқа ұлттардың қас- қабағына қарамай өзіміздің ойымыздағыны жасау керек»- дегенді меңзеді. Бірақ, біз сол Тәуелсіздік алған кезде біздегі бөтен ұлттар 66 пайызымызды құрады, сол себепті олардың қас-қабағына қарамағанмен де есептеспеуге болмайтын жағдайда болдық. Бұл бір. Екінші жағынан мысалы мына орыс казактары, «біз орыстар Қазақстанда басымбыз, орыс тілділер тіпті басым, сол себепті біздің дегеніміз болуы керек»- дегенді де жасырмады. Тіпті олар Ресейге арқалана отырып «Ресейдегі белгілі күштер арқылы біз Қазақтардың әкесін танытқызамыз » дегенді ашық айтты емес пе? Міне, осындай қауіп-қатерден біз аман есен шықтық. Сыртқы күштердің де, ішкі күштердің де айтқаны болмады. Дегенмен де ең бастысы сол жылдарда елімізді паналап отансыз қалған басқа диаспора өкілдерінің кеудесінен итермей көңілін тауып, оларды Қазақстанға икемдедік. Сонымен бірге азды-көпті қазақ халқының мәселесін де шешуге тырыстық. Осындай ауыр кезеңнен біз өттік. Кететіні кетті, кетпейтіні қалды. Біздің қазіргі әңгімеміз осы бізбен бірге бір шаңырақ астында қалып қойған өзге ұлт өкілдері яғни этностар. Бірақ біз осыларды қолдарында Қазақстан азаматтығы бар екен деп, олардың бәрі қазақстандық деуге болмас. Оларды былай қойып қазақтардың да мәселесі түгел шешілді деп біз айта алмаймыз. Сол себепті де Тәуелсіздігімізге қол жеткізген тұстан бергі азды-көпті табыстарымызды айтқан кезде, ел арасында әр түрлі пікірлер бар. Ал мына ұлт саясаты жайында сөз қозғап жүргендерді мен өзім бірнеше топтарға бөліп айтар едім. Мысалы, бірінші топта Патриоттар. Шын мәніндегі қазақ яғни Қазақстандық патриоттар. Осы елге жаны ашитындар. Олар ұпай жинаушы азаматтар емес. Олардың ұпай түгел. Беделі бар, ел мойындаған адамдар. Олар бүгінгі күнгі қазақ халқының ахуалына, тілі мен мәдениетіне, рухани жағдайына үл¬кен алаңдаушылықпен қарай¬тын жандар. Бұл алаңдау¬шылықтары себепті. Бірақ олар да кейде асығыстық жасайтын сияқты. Олар, билік таңертең бәрі қазақша болсын деп бұйрық берсе, түстен кейін бәрі қазақша болып кететіндей ойлайды. Ол қате түсінік дер едім. Олардың әлсіздігі де міне осы - билікке, әкімшілік ресурстарға иек арту. Әрине, ол ресурстардың құдіреті күшті бірақ барлық жерде олардың айтқаны бола бермейді ғой. Бұл оларды ақту емес. Бұл жерде мәселе ұлт саясатының төңірегінде жатыр. Сондықтан абай болуымыз керек. Ал екінші бір топты популистер деуге болады. Менімше олар шынымен ұпай жинаушылар. Мысалы, айтар болсақ кейбір партиялардың өкілі. Күні бүгінге дейін олар ұлт мәселесінен шошынады. Ұлт десе оның артында бір қауіп тұрғандай қарайды. Қарап отырсаңыз соңғы кезде олар бедел жинау үшін сол патриоттардың жиналысына барып, акцияларына қатысып сөз сөйлеп жүр. Ал шын мәнісінде олар ұлттық құндылықтардан қашық адамдар. Бұлай деп басып айтатын себебім олардың серкелерінің көбі кезінде менімен қатарлас жұмыс істеген депутаттар, ниеттерін де білемін. Адам өзгереді ғой, бірақ бұлардың көзқарастарының бүгіннен ертеңге өзгермейтініне мен анық сенемін. Үшінші топ, бұл қазіргі тілмен айтсақ олар прагматиктер, олар үшін бүгін тыныш болса болды, бүгін елде ши шықпаса болды. Ертеңгіні ептеп көрерміз. Қазақтың ертеңі қалай болады? Мынау жаһандану заманында арғы күні қалай болады екен? Мемлекетіміздің келбеті ше? Тек бүгінгі күнмен өмір сүретін олар үшін бұларға мән берудің қажеті шамалы. Міне, бұл бүгінгі биліктегілердің көбінің ұстанымы. Сол себепті олар патриоттарды да басқаларды да қабылдамайды. Оларға жақындаса болды келеңсіз ұсыныстар айтады, ақырзаман туғызады деп ойлайды. Сондықтан бізге «менен кейін күл болмасаң пұл бол» дейтін үкіметтің қажеті нешік. Ал мен келесі төртіншілер¬ді глобалистер дегім келеді. Бұл – Олжас Сүлейменов. Ол¬жас Сүлейменов үшін қазіргі ұлттық саясат, тіліміз, мәдениетіміз, тірлігіміз - бұның бәрі майда-шүйделер. Мәнберуге тұрмайтын ұсақ әрекеттер. Себебі ол, «адамзат бүгін түгел жаһанданып жатыр. Бір мәдениеттке, бір тілге ұмтылып жатыр. Бір дәстүрге ұмтылып жатыр. Сондықтан біз бүгін Қазақстан азаматы ,қазақ болудан гөрі әлем азаматы болуымыз керек» дегенді айтады. Тіпті осы ойын Олжас Сүлейменов тықпалап жүр. Мүмкін әлемдік тұрғыдан, жаһандану саясаты жағынан бұл дұрыс болар. Шынымен де әлемдегі жақсылықтардан шет қалмауымыз керек. Өзіміздің ұлттық мүддемізге пайдалануымыз керек. Бірақ біз әлемдік азамат болмауымыз керек. Бесінші топты мен ұраншылдар деймін. Бұлар бүгінгі ассамблеяның төңіре¬гіндегі Президентті мақтап, Қазақстандағы ішкі саясатты, ұлт саясатын мақтап ұпай жинап жүргендер. Әсіресе диаспора өкілдері. Олар сөйлеген кезде, қазіргі Қазақстан - жердегі жұмақ. Бұл әлемде болмаған татулықтың, сыйластықтың мекені сияқты. Бірақ, солай деп сайрап-сайрап алады да артынан, «бізге татулықты, тұтастықты сақтайтын доктарина керек» дейді. Егер бізде өздері айтқандай достықтың сыйластықтың жұмағы болсақ ол доктаринаның неге керегі бар? Міне сол себепті біздің қоғам қазір Брежнев заманындағы ауруға шалдықты. - Сөзіңіз аузыңызда, доктринаны тықпалап отырған қоғам мүмкін бір қауіптің ұшын көріп отырған жоқ па? - Қазақ айтпай ма, «жау жоқ деме жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында» деп. Бәрі мүмкін. Адам аласы ішінде ғой. Мына ғылымда мынандай екі ұғым бар. Біреуін Бирюленталық дейді. Бұл кез келген жерде аяқ асты қауіп іздеп, елде жағдай нашар деп күдіктену. Біз одан аулақ болуымыз керек. Бұл қауіпті. Екінші қауіп, «елде барлығы жақсы, ешқандай қауіп-қатер жоқ, өз арамыздан еш қандай ши шықпайды. Шықса шетелден шығады»- деп елді жұбату, ұйықтату - бұл одан да қауіпті. Міне бүгінгі біздің ұраншылдардың, ассамблеяның төңірегінде жүргендердің ұстанып отырған бағыты осындай. Дегенмен де сырттан болса да белгілі бір қауіптің барлығын, іште ондай қауіп жоқ деген доктринаның өмірге келуі сондықтан. Олар доктрина жобасын өмірге әкеліп Қазақстанда тұратын халықтарды бір идея төңірегінде топтастырып, бір мақсатқа жұмылдырамыз дегендері ғой. Бірақ бұл доктринада бәрі керісінше болып тұр емес пе. – Сіздер яғни «Ақ жол» пар¬тиясы жақында ғана «Ұлт саясаты» туралы тұ¬жы¬рым¬дамаларыңызды жа¬рияладыңыздар. Сол тұ¬жы¬¬рым¬дамаларыңыз бен осы доктринаның сәйкесетін тұс¬тары бар ма? – Әрине, ұлтаралық қа¬ты¬настарды реттеудің, қазақ елінің мәртебесінің жоғары болуы әркім үшін бірінші тұруы керек. Міне осы тұрғыдан келгенде өмірге «Ақ жол» партиясының ұлтық саясат тұжырымдамасы келді. Бірақ осы екі ұлтық саясатқа сараптама жасағанда екеуінің мақсаты, мәні, мазмұны екі түрлі. «Сақтансаң сақтаймын» дейді ғалымдардың айтуынша ұлт аралық, дін аралық наразылықты тудыратын 150-ден астам себептер бар екен. Сол наразылықтар бола қалған жағдайда қандай білікті-білімді басшы болса да сол 150-дің онын ғана есептей алатын мүмкіндігіміз бар дегенді психологтар айтып отыр. Себебі бұл өте күрделі, астары терең құблыс. Осы тұрғыдан алғанда бұл мәселеге өте байсалдылықпен қарап, аурудың алдын алуымыз керек деген оймен біздің партияның тұжырымдамасы пайда болды. «Ақ жол» партиясының ойынша біз мынандай ғылыми негіздерге сүйеніп отырмыз. Бірінші - 2008 жылы Ақпарат және мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша жүргізілген социалогиялық зертеулерде, орыс халқының 46,5 пайызы өз балаларының болашағын қазақпен, қазақстандықтармен байланыстырмайды екен. Демек азаматтық қауымдастық, азаматтық бірлестікке әлі қол жеткізген жоқпыз деген сөз. Бұлардың көбі Ресейге қоныс аударайын десе мүмкіншілігі жоқ, пәтер жоқ, жұмыс мәселесінің қиыншылығынан отырған адамдар. Біз оларға түсінікпен қарауымыз керек. Екінші зерттеуде осы орыстардың арасында 34,5 пайызы Қазақстан Ресейге қосылса деп армандайды екен. Егерде ел ішінен ши шықса қазіргі бізді арқамыздан қағып жүрген біздің жерлестеріміз қандай ұстанымда болатынын біз білмейміз. Сол себепті мұны да ескеруіміз керек. Сондықтан біздің ұлттық саясатымыз күдікке емес, осындай елдегі шынайы ахуалға негізделуі керек. Онсыз болмайды. Біз, біздің ресми саясат оның ішінде жанағы Ел бірлігі доктринасы осы жағдайларды ескермейді. Олай айтуымның себебі сол доктринада былай дейді: «Тәуелсіздіке ие болғаннан кейінгі кезеңде өз тағдырыңа еркін таңдау жасау, жаңа мемлекет құруға қатысты екеніңді сезіну, елдің және оның азаматтарымен болашақ ұрпағының тағдырына бірлесе жауап беру Қазақстан халқының ортақ құндылықтарына айналды» дейді. Ал жанағы социалдық зертеулерде көрсетіп отыр¬ғаны - анау. Бұл шындыққа сәйкеспейтіндігі айдан анық. Жанағы жай ғана ұраншылдық дегеніміз осы. Тағы да былай дейді «Қазақстандықтарға төзімділіктің жоғарғы деңгейі тән» дейді. Бұл да жалған! Үшінші. «Сонымен қатар елдегі этностық мәдениеттің сан алуандылығы мен үндестігі барша қазақ¬стандықтардың тұрақты кемелденуі мен дамуының қайнар көзі болып табылады». Міне, бұл да шындық емес. Себебі мұндай құндылықтар біргелкі бірден шешілмейді. Бұл үнемі сабақтастықты талап ететін жұмыс. Ал мыналардың айтып отырғаны ғылымға да қарсы тұжырым. Ол ешқандай практикаға да сәйкес келмейді. Мұнда қазақ халқының мүдде¬сін аяқ асты етіп отыр. Осындай тұжырымға негізделген доктрина кімге керек? – Сонда қалай? Қазақ хал¬қының мүддесін аттап өтіп, «қазақстандық ұлт» құру, америкалық үлгімен мемлекет құруға ұмтылу ма? – Бұл жерде өкінішке орай солай болып тұр. Бірақ Америкалық үлгі Қазақстанға мүлде жарамайды. Қазақстанда 46 диаспораның этномәдени орталығы бар дейді. Бірақ олардың бәрінің тарихи Отаны бар. Орыстардың - Ресейі, немістердің – Германиясы деген сияқты. Қазақстанда қазақ халқы мен басқа жақта тарихи отандары бар алуан ұлттардың диаспоралары тұрады. Соның ішінде қазақ та жүр, мемлекет құраушы қазақ ұлтының сол диаспора есебінде этно-мәдени орталығы бар деуді қалай түсінуге болады. Екінші бір мәселе - өзіміз айтып отырған этно-мәдени орталықтар заң жағынан реттелмеген. Қай жағынан ретеу керек? Мысалы менің ойымша «маған этно-мәдени орталық керек деп бастамашы кім болу керек әлде сұраған адамға этномәдени орталығыңды құра бер дейміз бе? Себебі ондай орталық құрған соң ол грант алып жұмыс жасайды. Сондықтан ол ақша үшін орталық құра ма? Әлде орталық құрып өзінің мәдениетін тілін білу үшін ақша сұрай ма?Бұл үлкен мәселе. Қазір көптеген сондай орталықтар бар шет елдерден қаржы алатын. Не үшін, не мақсатқа жұмсалып жатыр, сол қаржыны күні бүгінге дейін бізде бақылап жатқан тірі жан жоқ. Тіпті айтар болсақ сондай мәдени орталықтар саясатқа араласқысы келеді. Этномәдени деп аталғанымен саяси мәселеге араласқысы келеді. Неге олай еркінсиді? Мысалы бір үлкен мәжілісте орыстардың бір ұйымы егерде сайлауда біз дауыс бермесек Назарбаев президент болмас еді деді. Демек Назарбаев бізге тәуелді дегенді ашық айтып тұрған жоқ па? Мұны қалай түсінуге болады. Сол себепті ондай орталықтардың саясаттан бейтарап болуын заңмен бекіту керек. Осындай ойланатын мәселелер бар, ал енді біз оларды бүгін реттемесек ертең қиындық туғызуы мүмкін. Өкінішке қарай осы мәселелер бұл доктарина да айтылмайды. Доктринаны оқып отыр¬саңыз мына Қазақстан халық ассамблеясы этностар жө¬ніндегі бір министірлік сияқты, күллі мәселені сол шешеді, бұл құқықтық мәселе, оны шешу үшін әр азамат жауапты. Сондықтан біз доктрина бойынша барлық мәселені ассамблея шешсін деп ысырып салып, мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдарды ұлт мәселесінен шеттетіп отырмыз. Міне осындай этномә¬дениетті реттемей бүгін Австралия үлкен қиындыққа ұшырап отыр. Себебі елді диаспоралар билеп кетіп отыр. Елде татулық болсын деп солардың дегенін жасаған ғой. Сондықтан олар шаңырақ кімдікі дегенді ұмытқан. Міне мұндай қауіптен бізде сақтануымыз керек. Жасыратыны жоқ елімізді отандық өнімдерді аз шығарамыз. Сондықтан бүгінгі таңдағы қолданып жүрген тауарларымыздың шетелден келетіні айдан анық. Міне бұл қазақтың сана сезіміне ықал етпейді деп біз айта алмаймыз. Бұл бізге шет елдің үстемдігі ме? Үстемдігі. Екінші келесі жылы ОБСЕ ге Төрағалық етеміз деп біз қазір ашықтан ашық Европаның мүддесін қолдап отырмыз. Өзіміздің заңдарымызды соған икемдеп отырмыз. Соның ішінде діни сенім және діни бірлестіктер туралы заңды Европа стандартарына икемдеп отырмыз. Азияның елі бола, шығыс елі бола тұрып осы елдердің ішіндегі бірден бір тек қана Қазақстан осылай алға шығып отырған. Шындығын айтқанда татаритарлық секталардың мүддесін қолдап отырған Европалықтар бізге сол стандартарды таңып отыр. Оны халық білмей отырған жоқ. Міне бұл халықтың бүгінгі санасына жағымсыз ықпал жасап отыр. Осының бәрі айланып келгенде қайда барсаң да орыс тілі, ағылшын тілі мына қала көшелерінің безендірілуі, жарнамалар барлығы бөтен тілде. Мұның бәрін көрген, қалаға келген қазақ, «біз әліде шет елдердің отары екенбіз» деген ойда болары анық. Міне, жанағы ел бірлігін айтқыштар осыны неге есепке алмайды? Бұл тек қазақтың емес басқа ел азаматтарының да намысына тиетін жағдай. Міне сондықтан доктринаның үлкен бір кемшілігі - тіл саясатында. Қазақ тілі Қазақстандағы 140 этностар тілімен бірдей. 400 ғана саны бар ұсақ этностармен елімізде 67 пайыздан асатын қазақ бірдей. Мұны ғылымда абстрак¬тілік дейді. Бәрі бірдей. Қазақ тіліне икемдеу деген сөз бар, бірақ міндеттемеген соң қалай икемдейді. Басқа мемлекеттерде міндеттейді. Міне доктаринаның осалдығы осы. Ол осалдық доктаринада айтылған қоғамдағы әр салада бар. Доктринаны оқып отыр¬са¬ңыз мына Қазақстан халық ассамблеясы этностар жөніндегі бір министірлік сияқты күллі мәселені сол шешеді бұл құқықтық мәселе оны шешу үшін әр азамат жауапты. Сон¬дықтан біз доктарина бойынша барлық мәселені ассамблея шешсін деп ысырып салып мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды ұлт мәселесінен шеттетіп отырмыз. Міне осындай этно-мәде¬ниетті реттемей бүгін Австралия үлкен қиындыққа ұшырап отыр. Себебі елді диаспоралар билеп кетіп отыр. Елде татулық болсын деп солардың дегенін жасаған ғой. Сондықтан олар шаңырақ кімдікі дегенді ұмытқан. Міне мұндай қауіптен бізде сақтануымыз керек. Еуроодақ Америка киноларына шек қойды, әсіресе француздар шетелдердің ар¬тистерінің келуіне, шет ел театрларына шектеу қойды және олардың мұндай ұсы¬нысын барлық Европа ел¬дері қолдап отыр. Осы тұрғыдан біздің айтпағымыз қазіргідей жағдайда қазақ тіліне, мәдениетіне, біліміне, ақпаратына ашық артықшылық беріп соны саясатқа айналдыру керек. Себебі жаһанданудың жүгін қазіргідей жағдайда көтере алмаймыз. Біз әлі әлсіз нәзік ұлтпыз. Сол себепті де бізге, қазаққа деген артықшылық қажет. Еліміздегі басқа диаспораларды алайық, мейілі ол орыс, украин, неміс болсын олардың тарихи отандары бар. Қандай да бір туындаған мәселелері өз отандарында шешіліп жатыр. Орыстардың проблемалары Ресейде, немістердікі Германияда деген сияқты. Ал біздің қазақтың мәселесі осы өз елімізде шешіліуі керек емес пе? Міне осы мәселені жанағы диаспораларға айтып түсіндіруіміз керек ғой. Неге оны айтпаймыз? «Ауруын жасырған өледі» демей ме? Қазіргі қоғамдағы жағдай ертең күш алып кетсе біз елдігімізден де теңдігімізден де айрыламыз. Айтар болсақ 1989 жылы осы елдегі ең тұрмысы нашар ұлт - Қазақ ұлты еді. Соның ішінде отыз аудан, экологиялық апат аймақтары деп біз жар салдық. Ең сусыз, жолсыз, ауруханалары мен мектептерінің жағдайы төмен де сол қазақ ауылдары болды. Сол кездері сол аймақтарда тұрған жастар қазір Алматыда, Астанада, облыс орталықтарында жүр. Олардың көбі ызалы. Олар солай үндемей отыра береді, кәзіргі болып жатқан әділетсіздіктермен көз жұмып келісе береді деп ойлау қате ұғым. Міне бұл да ертең елімізге қауіп төндіруі мүмкін. Егер бүгін шешілмесе. Үшінші бір айтатын мәселе - шет елдердің қожалығына берілген өнеркәсіп орндардағы жұмыс істейтін қазақстандықтар мен қазақтардың дискриминацияға ұшырауында. Олар жалпы мұнай-газ саласындағы. Олардағы қара жұмысшылар ашығын айтқанда қаналып отырған таптар, олардың жағдайы өте ауыр. Сол себепті 2006 жылы Шевронда үлкен қақтығыс туындаған. Ал оны әшейін бір бұзақылардың әрекеті деп оған дұрыс баға берілмеді, шын мәнінде бұл үлкен мәселе еді. Бұл ұлт саясатының халықаралық мән алып отырғандығы. Оны біз ескеруіміз керек. – Сонда ұлт саясатының негізі әлеу¬меттік өмірде жатыр дегіңіз келеді ғой? – Әрине, негізгі ұлт мәсе¬лесінің тамыры әлеуметтік өмірде жатыр. Бірақ, осы мәселе туралы мына доктринада тіпті айтылмайды. Ол туралы бір ғана жерде сүйкей салған. Атап айтар болсақ онда, «қоғамда орын алып отырған әлеуметтік және тұрмыстық жергілікті проблемалар этностық рең алып кетуі мүмкін »дейді. Мұны да ептеп мойындаған болады. Бірақ рең алуы мүмкін емес, бізде рең алып кетті. Және де бұл олар айтып отырғандай жергілікті емес, мемлекеттік деңгейдегі проблема. Міне осындай маңызды мәселелерді ескермеу доктринаның үлкен кемшілігі. – Ал осындай кемшілік тұс¬тары көп, илеуі қанбаған шикі доктринаны Үкімет қоғамға не себепті тықпалап отыр? Не үшін қажет? – Сөз жоқ өзін жарнамалау үшін. Біз доктрина қабылдадық деп әлемге жар салу үшін қажет. Оны көптеген тілдерге аударады, сосын Европаға үлгі ретінде ұсынады. Олар біздің ішкі жағдайымызды білмейді ғой, мақтап-мадақтап арқамыздан қағады. Біз мәз боламыз. Осыған дейін де солай болды емес пе? Мысалы әлемге эканомикалық дағдарыстан шығудың кілтін кім ұсынды? Біз ұсындық. Этнос аралық, дінаралық қатынастарды ше¬шудің кілтін кім ұсынды? Біз ұсындық. Міне енді доктрина қабылдауды үлгі еткелі отырмыз. Жарнама деген осы. – Сонда арада ұтылатын тағы да біздің халық болғаны ма? – Әрине, ұтылатын - Халық, ұтатын - Билік. «Бөрі арығын білдірмес, сыртында қампиған жүні барда» демей ме? Біздің қазіргі жағдайымыз осы ғана. Мүмкін, билік ешкіммен диалогқа бармастан белден басып бұл доктаринаны қабылдап та жіберер. Ондай жағдайда бұл доктрина ұлт аралық қатынастарды реттейді деп өз басым есептемеймін. – «Елбірлігі» «қазақ¬стан¬дық ұлт» негізінде жасалған деп бұл доктринаның өмірге келуіне қарсы болып жатқан қазақ интеллегенциясы жайлы не айтасыз? – Мен бұл қарсылықты мо¬йындаймын. Бұл керек дүние. Билікке қысым жа¬самасақ билік халықпен есептеспейді. Бұл күрестің бір жолы. Доктрина «ел бірлігі» деген сөз «қазақстандық ұлт» идеясының жалғасы деген пікір айтылады. Менің ойымша олай деп қорытынды жасауға негіз бар. Себебі сол сессияда Президент өзінің баяндамасында мынадай бір пікір айтты: «Болашақта қазақ тілі елдің басын біріктіретін тіл болуы мүмкін»деді. (Егемен Қазақстан 27 қазан 2009жыл). Міне осыдан кейін қазақ халқының еңсесі түсіп қалды. Мұның астарында болашақта қазақ тілі болуы мүмкін, болмауы да мүмкін дегендей күдік тасталынды. Яғни, билік орыс тілді ел боламыз дегенді айтып отыр ғой. Сөз жоқ бұл басқа ұлт өкілдерін, соның ішінде орыстарды қанаттандырды. Бірден баспасөз беттерінде дұрыс айтылған пікір деп әсіресе орыс басылымдары жарыса жазып әкетті. Олардың қалағаны да осы емес пе? Біз түсінеміз, түсініп те келдік. Бір сәтте қазақ тілін түгелдей енгізу ол асығыстық болар еді. Бірақ қазақ тілін енгізуді кейінге қалдыру, немесе оның болашағына күдікпен қарау, бұл сөз жоқ қазақ халқының, қазақ интеллегенциясының ашу-ызасын туғызды. Сон¬дықтан алаңдау орынды. Оған өкпелеуге болмайды, керісінше елді ашындырмау керек. Ұлт мәселесі нәзік дейміз. Сол нәзіктікке нәзік қарау еді. Ал біздің Үкімет соқыр саясатпен қарап отыр. Егер халықпен санасатын болса, мұндай қазақ халқын аттап өтіп басқа ұлттарды қанаттандыратын доктринаны түгелімен, тіпті атынан бастап өзгерту керек деп ойлаймын. Ал енді белден басып қабылдап жіберсе, амал жоқ. Бірақ қашанда шындық олардың жағында емес. -Әңгімеңізге рахмет.Сұхбаттасқан Бақытгүл САЛИ №46-47   04.12-11.12.2009 ж.