Алматыда ел ақын Ибрагим Исаевпен қоштасты...
2014 ж. 30 желтоқсан
4054
0
Кеше, 29 желтоқсан күні Алматыда Қазақстан жазушылар одағында ел ақын Ибрагим Исаевты соңғы сапарға шығарып салды... Алматыдағы зиялы қауым мен мәдениет пен өнер өкілдері, Мәжіліс депутаттары көп болды."Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев, Халықаралық Мемлекеттік істерді үйлестіру комитеті төрағасы Әлихан Бәйменов, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары, "Қазақ үні" газеті президенті, белгілі ақын Қазыбек Иса, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ғалым Жайлыбай, қаламгерлер Ғаббас қабышев, Исраил Сапарбай, Марал Ысқақбай, Темірхан Медетбек, Софы Сматай, Сұлтанәлі Балғабаев, Иранғайып, Шөмішбай Сариев, Көпен Әмірбек, Ұлықбек Есдәулет, академиктер Төрегелді Шарманов, Оразалы Сәбден, Қазақ Авторлар қоғамы бас директоры, актер Байғали Есенәлиев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Мақпал Жүнісова, т.б. ақын рухына тағзым етіп, қоштасу сөздерін айтты. Әсіресе, Қазыбек Исаның Ибрагим ағасының өзгеше қырларын ашқан терең мағыналы сөзі көпшілікке қатты әсер етті.
Ақын Ибрагим Исаев Кеңсай -2 зиратына қойылды. Сырда туған сыршыл ақынның әдемі жырлары оқырмандар жүрегінде мәңгі сақталатыны анық.
Махамбет Ерғали