"Сіз алдымен мен қанша жасымда басшы болғанымды сұраңыз. 26-27 жасымда совхоз директоры болдым. Кейін ауыл шаруашылығын басқардым. Мен сауыншының ұлымын, үйде үш баламыз, әкеміз жоқ, мен – кенжесімін. Үшеуміз де білім алып, басқарушы қызметте болдық. Кейін, менің қызмет жолым тезірек жоғарылады, ол кезде үлкен ағам аудан басшысы еді. Ал, мен облысқа басшы болып келген соң, оны босаттым", - деді Кулагин.
Ол 26 жаста басшы болу ерте емес деген ойын одан әрі нақтылай түсті.
"26 жас ерте деп ойлайсыз ба? Айналаға қарап, ой елегінен өткізіп көріңіздерші. Араларыңызда (брифинге қатысушылар арасында –агенттік) 26 жастағылар жоқ па? Әлде тек Кулагинді көріп қалдыңыздар ма... Сіздер айналаға жақсылып көз жүгіртіңіздер. Осында отырғандардың арасында 26 жасқа келгендер өздерін талантсыз деп есептейді ме? Әлде бір редакцияны басқара алатын қабілетім жоқ деп ойлай ма? Сондықтан, сұрағыңызға жауабым – ерте емес. Әрқашан жолы болсын", - деді әкім журналистің сұрағына жауап бере отырып.
Сонымен қатар, Сергей Кулагин Тәуелсіздік күні Ақмола облысында дүркіреп өткенін атап өтті.
"Біз Тәуелсіздік күнін өте керемет тойладық. Біз Отанымызды мақтан етіп, қуандық. Облыстың барлық ауданында, шалғайдағы ауылдарда да Тәуелсіздік күнін тойладық. Көкшетау қаласында үлкен мерекелік шара ұйымдастырдық. Беделді адамдарды шақырып, тойладық. Отанымыздың барлық марапаттарын өз иелеріне табыстадық. Сондықтан, бұл күнді біз кең көлемде атап өттік",-деді әкім.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының әкімдігі Тәуелсіздік күнін тасада қалдырса, Алматы қаласының әкімі туған күніне байланысты Тәуелсіздік күнінде қалада болмайтынын айтқан еді.