Еске салсақ, 24 қарашада "Россельхознадзор" ондаған белорустық кәсіпорындардың өнімін Ресей аумағына кіргізуге тыйым салды. Араға екі күн салып тағы 8 кәсіпорынның тауарлары Ресейге өте алмады.
Осылайша Мәскеу ресейлік эмбаргоға түскен елдердің тауарларына тосқауыл қоймақ. "Россельхознадзор" транзит ретінде енгізілген тауарлардың Ресей нарығында саудаланған жағдайларын бұған дейін де тіркеген.
"Ресей көптеген азық-түлік тауарларының жеткізілуіне тыйым салып, қисынсыз әрекет жасады. Кедендік одақ аясында қол жеткізілген келісімдерді бұзды. Егер Ресей тауары қауіпсіз бе, әлде Белоруссия тауары қауіпсіз бе деген сұрақ туындаса, ол белорус халқының ғана емес, ресейліктердің де күлкісін келтірері анық. Маған ренжімесін, бірақ Ресей тауар қауіпсіздігі бойынша Белоруссиядан жарты ғасырға артта қалған", - деді Александр Лукашенко.