Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев тағы бір ай изоляторда отырады
2014 ж. 22 қараша
1685
0
Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевтің тергеу қапасында отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Енді оған қатысты сот ісі желтоқсанның 20-сынан кейін басталуы тиіс.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Бауыржан Әбдішевтің тергеу қапасындағы екі ай мерзімі аяқталып қалғанымен, қылмыстық істің сотқа жетпеуіне байланысты бұл мерзім тағы бір айға созылып отыр.
Экс-әкімнің үстінен лауазымын асыра пайдаланды деген баппен қылмыстық іс қозғалған еді. Тергеу мәліметтері бойынша, Әбдішев өз танысының атына жазылған тас төсеуіш шығаратын фирмаға мемлекеттік тапсырыстың миллиондарын алып беріп отырған.
Естеріңізге салсақ, екі күн бұрын Қарағанды соты экс-премьер Серік Ахметовті үйқамаққа алу туралы шешім шығарған болатын. Көмірлі өңірдің бұрынғы басшыларына байланысты істерге оның да қатысы бар делініп отыр.