Бұл туралы yk-news.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Өскемен әуежайына облыстың бұрынғы басшысын шығарып салу үшін тек әріптестері ғана емес, ірі кәсіпорын жетекшілері, қоғам белсенділері, түлі ұлттық бірлестік өкілдері мен ардагерлер жиналған.
Жиналған қауым Бердібек Сапарбаевтың өңірді басқарған 5 жыл 9 ай ішінде үлкен істерді атқарғанын айтты. Осы уақыт аралығында аймақ басшысы облыстың барлық ауылдарында, тіпті орталықтан алыс жатқан елдімекендерде де болған.
Фото yk-news.kz
Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев өзіне үнемі қолдау көрсеткен халық пен әріптестеріне рахметін айтты.
Сонымен қатар, бүгін Бердібек Сапарбаев облыстың қазіргі әкімі Даниал Ахметовпен бірге
орталық мешітте болып, ата-бабалар рухына құран бағыштаған.
Енді Бердібек Сапарбаев премьер-министр Кәрім Мәсімовтың
орынбасары қызметін атқарады.