Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы әйел адам болды
2014 ж. 12 қараша
2052
1
Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген Мемлекет басшысының жарлығында.
Бұған дейін Әбдіқалықова ҚР Президентінің кеңесшісі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметтерін атқарды. Ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі де болды.
Айта кетейік, оның ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметіндегі орнына Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев келді. Ал оның орнына Даниал Ахметов әкім болып тағайындалды.