Есімов қазақ жазушыларын трендте болуға шақырды
2014 ж. 04 қараша
2916
2
Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдығы мерекеленді. Мерейлі шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов, шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері, жақын және алыс елдердің делегациялар мүшелері қатысты.
Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлайды.
Мегаполис басшысы өзінің құттықтауында Жазушылар одағының тарихи мәнін атап өтті.
"Алматыда осындай үлкен шараның өтуі тегін емес. Қаламыздың мәдени - ағарту орталық атануында ақын, жазушылардың сіңірген еңбегі зор. Сонау 1934 жылы Ілияс Жансүгіровтың басшылығымен құрылған Жазушылар одағы халқымыздың рухани өміріне зор үлес қосуда", - деді Ахметжан Есімов.
Аталған шарада бұрыннан қалыптасқан дәстүрді байыту, шығармашылықты әлем мен қоғамда болып жатқан өзгерістерге сәйкестендіру, әдебиеттегі үндестік мәселелері сөз болды.
"Уақыт бір орнында тұрмайды, оқырмандар талабы да өзгереді. Жазушлар маңызды мәселелерді қалт жібермеулері тиіс. Қолына қалам ұстаған зиялы қауым мұраға тек әдебиетті ғана емес, саналы тәрбиені де қалдырғандары абзал. Сонда ғана жас дарындар көзі ашылатын болады", - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Әкім өз сөзінде осынау мерейлі оқиғаға орай сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын әрі ерекше қорғалатын обьектілер реестріне енген Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратын қайта жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 40 млн теңге бөлінгенін де айтты.