Маңғыстау тұрғындарының 44%-ы семіздікке шалдыққан
2014 ж. 11 қазан
1403
0
Өткен аптада Дұрыс тамақтану ұлттық орталығының мамандары, «Мейірбике» колледжінің студенттері және Тағамтану академиясының мамандары Ақтаудағы «Заман» сауда орталығында салауатты өмір салтын ұстану мен дұрыс тамақтануды дәріптейтін акция өткізді.
Акция «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясында екінші рет ұйымдастырылып отыр. Сауда орталығына келген кез келген азамат қандағы холестерин мен гемоглабинді тексеріп, өз салмағын, бойын, артериалды қан қысымын өлшеуге мүмкіндік алды.
- Біздің облыста тұрғындардың 44%-ы семіздікке шалдыққан. Бұл аурудың арты үлкен ауыртпалықтар мен қауіпті ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Біз осындай акцияларымызбен тұрғындарға дұрыс тамақтанудың қажет екендігін көрсеткіміз келеді,- дейді Маңғыстау облыстық ұлттық дұрыс тамақтану орталығының жетекшісі Әлімжан Сағынбай.