Франция Әблязовты Ресейге экстрадицияламақ
2014 ж. 25 қазан
3075
0
Француз соты жұма, 24 қазан күні қазақстандық олигарх Мұхтар Әблязовты Ресей мен Украинаға экстрадициялауға санкция берді деп хабарлады Азаттыққа оның қызы Мәдина Әблязова мен адвокаты Марк Фейгин.
"Лион соты судьясы Әблязовты экстрадициялауда одан көбірек зиян шеккен Ресейге басымдылық берілетінін, ал Ресейдің оны Қазақстанға бермесіне сендіргенін айтты" дейді Мәдина Әблязова.
Оның сөзінше, үкімге байланысты кассациялық сотқа шағым жасауға үш ай мұрсат берілген, бұл уақытта Мұхтар Әблязов Лион қаласында қамақта болады.
БТА Банкі директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов 2013 жылы Францияда тұтқындалған еді. Оны экстрадициялауды Қазақстан, Ресей мен Украина қатар сұраған.
Қазақстан билігі оны "банк басқарған кезінде 6 миллиард доллар жымқырды" деп айыптайды. Украина мен Ресей де бұрынғы банкирдің үстінен "қаржылық алаяқтық" жасады деген шағым түсірген.
Былтыр халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Франция билігін Мұхтар Әблязовті экстрадициялау ісінің сотта әділ қаралуын қамтамасыз етіп, оны Қазақстанға тапсыруы мүмкін елдерге экстрадицияламауға шақырған.
Источник: Азаттық