Ресейде эбола вирусын жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылды
2014 ж. 17 қазан
2040
0
Ресейдің Орел қаласында Эбола вирусын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен африкалық екі студент ауруханаға жатқызылды. 20 және 23 жастағы жігіттер Орел қаласына Мәскеуден автобуспен келген.
Бұл туралы baq.kz хабарлайды.
Ел астанасына олар қара құрлықтағы Гвинея-Бисау мемлекетінен ұшақ арқылы жетіпті. Жерге қонғанда дене қызуы көтерілген студенттерді жедел жәрдем жатақханасынан алып кеткен. Қазір арнайы лаборатория мамандары олардың қан құрамын қауіпті вирусқа тексеруде.
Ал Орел мемлекеттік университетінің жатақханасының бір бөлігі арнайы оқшауланған. Сөйтіп, онда қара нәсілді студенттермен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы орналастырылған.
Әзірге қауіпті дертті жұқтырғандар туралы мәлімет жоқ.