Асылжан Мамытбеков Өмірияевтің үкіміне қатысты пікірін білдірді
2014 ж. 17 қазан
1864
0
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков орынбасары Мүсілім Өмірияевтің ісіне байланысты пікірін білдірді, - деп хабарлайдыТengrinews.kz министрдің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына сілтеме жасап.
Министр Асылжан Мамытбеков соңғы күндердегі Мүсілім Өмірияевқа қатысты жаңалықтарға жауап бере алмағанын, жауап берудің ауыр болғанын айтады: "Мен оның кінәсіз екеніне сендім. Әлі де сенемін. Қандай жағдайда болмасын, ол пара алмайды. Ең бастысы, қызмет бабы қанша жерден мүмкіндік берсе де, біреудің мүддесіне сай әрекеттерге бармаған. Соттың бірінші сатысындағы үкімі әлі күшіне енген жоқ, сондықтан да заң бойынша және Конституция бойынша ол әлі кінәлі болып саналмайды", - деп жазады министр.
Министр Мүсілім Өмірияевтің адвокатында оның кінәсіз екенін дәлелдейтін мүмкіндік барын сондай-ақ, ең соңғы шешімге дейін төменнен жоғары қарай соттың әлі талай сатысы тұрғанын тілге тиек еткен.
"Мен жұмысымнан кетуге дайынмын ба? Бұл сұраққа "иә" деп жауап беремін. Мен бірақ жұмыстан өзіме деген сенімнен біржола айрылған кезде ғана кетемін (айтпақшы, мен осыған дейін екі рет жұмыстан кеттім. Өмірияев қамауға алынған кезде мен қызметтен кеткен болатынмын. Ол тұста, яғни сәуір айында министрлер кабинеті жасақталып жатты. Екіншіден, тамыз айындағы үкіметтегі өзгерістер тұсында да мен қызметте болған жоқпын"), - дейді Асылжан Мамытбеков. - Бұған қарап, "жұмысыңды бағаламайсың ба?" деген сұрақ қойылмауы тиіс. Жоқ. Мен өз жұмысымды бағалаймын. Маған айналысып жүрген жұмысым ұнайды. Мен қазір жұмысымды беріліп тұрып, жан-тәніммен істеп жүрмін, басқаша бұл ауыртпалықты (барлық моральдық) көтеріп жүру мүмкін емес. Мұның сыртында әлі шешілмеген қаншама тапсырмалар бар", - деп жазады ол.
Мүсілім Өмірияев өте үлкен көлемде пара алды деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимде өтейтін болып шешілді. Десек те, үкім толығымен күшіне енген жоқ. Оның жоғарғы сот орындарына шағымдануға әлі мүмкіндігі бар. tengrinews.kz