«Ислам мемлекетіне» қарсы шабуылда Түркия АҚШ-қа өз базаларын ұсынуға келісті

Түркия Ирак пен Сирия аумағындағы «Ислам мемлекетіне» қарсы күресте АҚШ-қа өз әскери-әуе базаларын пайдалануға беруге келісті, деп хабарлайды ВВС.

Бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Райс мәлім етті. 

 АҚШ соңғы аптада ИМ позицияларын тұрақты шабуыл астына алған халықаралық коалицияны басқарады. NBC телеарнасынан сөз сөйлеген Сьюзан Райс бірқалыпты сириялық оппозицияның күштерін дайындау және Ирак пен Срия аумағындағы операцияларды жүзеге асыру үшін платцдарм ретінде Түркия АҚШ-қа өз әскери базаларын пайдалануға беруге келіскенін мәлім етті. Қыркүйек айының ортасынан бері ИМ күштері Сирияның Түркиямен шекаралас жердегі Кобани қаласына шабуылын жалғастырып келеді. Кобани қаласына шабуыл басталғалы бері ол жақта 500-ге жуық адам қаза болды.200 мыңға жуық жергілікті тұрғын пана іздеп Түркияға қашқан.

bnews.kz