Қаржы полициясы екі жыл бойы қайда қарап келген?
2010 ж. 03 тамыз
1057
0
Батыс Қазақстан облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жеке кәсіпкер Жанар Жаркееваға қатысты қылмыстық істі тергеуді тәмамдады. Аталған азаматша 2008-2009 жылдары арнайы рұқсатсыз (лицензиясыз) Шыңғырлау ауылында орналасқан май құю стансасы арқылы мұнай өнімдерін сақтау және өткізумен заңсыз айналысып, 7 млн. теңгеден астам пайда тапқан.
Бөрлі аудандық сотының үкімімен Ж.Жаркеева ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлімі «б» тармағы (кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу) бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 айлық жалақысы мөлшерінде айыппұл салу және мемлекет пайдасына 7 млн. теңге өндіру белгіленді.
Сонда екі жыл бойы тексеруші орындар мұрындарының астындағы май құю стансасының заңсыз жұмыс істеп отырғанын байқамай келген дегенге кім сенеді?..