Ханбибі Есенқарақызының екі кітабы жарық көрді

Сонымен бірге ақын жинақтаған Сұлтанбек Қожановтың редакторлығымен шыққан «Ақ  жол» газетінің 10 томы шықты.

Ханбибі

 «Парасат» орденінің иегері, халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызы – 65 жаста. Осыған орай қаламгердің «Диалог» және «Егіз Лебіз» деп аталатын 2 бірдей кітабы жарық көрді, - деп хабарлайды otyrar.kz.
Кеш кейіпкерінің айтуынша, «Диалог» атты еңбекте соңғы 5 жыл ішіндегі басылым беттеріне шыққан сұхбаттары мен эсселері және оның ақындық көзқарастары жинақталған. Ал «Егіз лебізде» Ханбибі Есенқарақының поэзиясмен бірге прозалары да жарық көріпті. Және өзге ақындардың арнаулары мен жүрекжарды пікірлері жазылған.Ханбибі 2 Бұл күні қаламгер оқырмандары үшін тағы бір қуанышты хабары барын айтып «Қуанышты сезімді басымнан өткеріп жүрмін. 65 жасқа құр қол келемін бе, ештеңе жазбай жүрмін ғой деп қорқып едім. Бірақ қазір ол қорқыныш сейілді, себебі, қаламым мені ұятқа қалдырмады. Шындығын айтсам, соңғы кездері Сұлтанбек Қожановтың редакторлығымен шыққан «Ақ жолға» ауып кеттім ғой. Мұның 10 томы шықты. Қазір тағы бір құнды дүиенің сұлбасы жасалды, 7 жылдан бері соңынан жүгіріп жүрген ерекше кітабым да жарық көреді. Бірақ биыл емес, келесі жылы деп жоспарлап отырмын» деді. Сонымен қатар, тұсаукесер кеште ақын апаның оқырмандары оның жырларын жатқа оқыды. Ақын еңбектерін биікке көтерді. Ал қаламдастары тойға жыр-шашуын арқалай келіпті. Халық ақыны Әселхан Қалыбекова «Ханапаның жыры бөлек, өзі бөлек» мазмұнынындағы арнауын оқып, ақынның поэзиядағы мерейін асырды. Baq.kz