Прокурор Мүсілім Өмірияевті 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
2014 ж. 09 қазан
1523
0
Бүгін Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық сотта өткен сот отырысы барысында прокурор Қанатжан Қамалбек Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы экс-вице министрі Мүслім Өмірияевті айыпты деп танып, оны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
"Өмірияев Мүслім Тайырұлын Қылмыстық Кодектің 311 бабы 5 тармағында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танып, мүлкі тәркіленіп, қатаң режимді түзеу колониясында жазасын өтеумен 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынамын", - деді прокурор сот отырысы барысында.
Сондай-ақ ол айыптаушының Мүсілім Өмірияевтің кінәсін жеңілдететін жағдайларды ескергенін атап өтті: кішкентай 4 баласының болуы, қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылуы, сонымен бірге жақсы мінездемелер мен пікірлер.
Естеріңізге салып өтсек, экс-вице министрге қатысты қылмыстық істі тексеру өткен жылдың желтоқсан айында басталып, биылғы жылдың мамырында аяқталған еді.
Осы уақыт бойы Мүсілім Өмірияев тергеу изоляторында қамауда болды. Қаржы полициясының қызметкерлері оны өз пәтерінде кәсіпкерден 100 мың доллар мөлшерінде пара алып жатқан жерінен қолға түсірген болатын.