Ресейдегі мұсылмандарға құрбандық шалуға тыйым салына ма?!.
2014 ж. 30 қыркүйек
1911
1
Ресей мұсылмандарынан Құрбан айтта құрбан шалуды тоқтатуды сұрайды. Өйткені бұл жылғы, 4 қазан күнгі мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі Дүниежүзілік жануарларды қорғау күнімен тұспа-тұс келіп отыр.Бұл туралы Tengrinews.kz "Эхо Москвы" радиосына сілтеме жасап хабарлады
Осыған байланысты жануарларды қорғаушылар Ресей мүфтилер кеңесі мен Мәскеу мэрі Сергей Собянинге өтінішпен шығуға ниет етіп отыр. Малды құрбандыққа шалуға мүлдем тыйым салып тастамасақ та, ең болмаса, 2-3 мыңнан - жүз мыңға дейін малды сойып тастау қысқартылса екен дейді олар.
Өз кезегінде Ресейдің Еуропалық бөлігіндегі мұсылмандардың діни басқармасы төрағасының орынбасары Дамир Гизатуллин құрбандыққа шалынатын малдардың санын қысқарту жоспарланып отырған жоқтығын хабарлады.
Источник: Tengrinews.kz