Шөкеев "Самұрық-Қазынаның" кадрлық саясатын сынға алды
2014 ж. 11 қыркүйек
2569
0
"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат Қорының" басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев компанияның кадрлық саясатын сынға алды.
"Сіздерде ішкі құрылым тым ауырланып кеткен: төрт орынбасар, бір қаржы директоры, неше түрлі қызметтердің топ-топ басшылары, 20-ға тарта департамент. Бұл не деген сұмдық? Тіпті пошта қызметі адамдарды жұмысқа қабылдайтын ұйымға айналған тәрізді. Бұлай болуға тиіс емес! Біз трансформацияға барамыз десек, онда дұрыс кадрлық саясат керек, онсыз ештеңе де шықпайды", - деді Өмірзақ Шөкеев "Қазпоштаның" директорлар кеңесі, акционерлері және қызметкерлерімен өткен кеңесте еңес барысында.
Бұл ретте Қор басшысы бүгінгі таңда "тереңдету жұмысы басталғанын", оған кім түссе, "кесілетінін" атап өтті.
"Осыған байланысты мен басқарма басшысына да директорлар кеңесіне де толық карт-бланш беремін. Олай болмаса біз ештеңе де істей алмаймыз", - деді ол.
Сондай-ақ Шөкеев "Самұрық-Қазына" топ-менеджментті ауыстырмайды, оларды оқытатын болады дегенді жеткізді.
"Басты фактор - бұл адамдар. Біздің кадрлық құрамды жаңғыртуға әр түрлі қадам жасауға болады.
"Темасек" ("Temasek" - Сингапурдың мемлекеттік холдингі) өзінің кадрлық саясатын бүкіл әлем бойынша ашық жүргізді, ал трансформациядан кейін оларда топ-менеджменттің 40 пайызын шетелдіктер құрады. Олар сапаны арттыру үшін бұған саналы түрде барды. Ал бұл тәжірибе "Казанах" ("Khazanah Nasional Bhd" - Малайзия Инвестициялық қоры) қорында 20 пайызды құрады. Біз өзімізге "Казанах" тәжірибесі жақын деп санаймыз. Сонымен қатар, біз адамдарды ауыстыруды емес, оларды оқыту мүмкіндігін қарастырамыз", - деді Шөкеев.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда барлық оқыту бағдарламалары қайта қаралып, корпоративтік университет құрылып, батыстық білім алған мамандар тартылуда.