Украина шекарасына Ресейдің қарулы әскері басып кірді
2014 ж. 29 тамыз
2457
5
Украина шекарасына Ресей Федерациясының қарулы әскері басып кірді. Сол себепті өз елінің қауіпсіздігіне алаңдаған Түркия президентінің ұлықтау рәсіміне келген Петр Порошенко жарты жолдан қайтуға мәжбүр болды.
Режеп Тайып Ердоғанды ұлықтау рәсіміне бара жатқан жолынан кері қайтып, әуежайда тұрып сұхбат берді.
Сондай-ақ Украина Президенті Анадолы елінде өтетін екіжақты халықаралық 7 маңызды кездесуден де қалыс қалғанын атап өтті.
Қазір ол Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі мен Еуропалық саммитті шұғыл түрде шақыртқан. Ресми Киевтің хабарлауынша, Ресей әскерилері Донецк облысының оңтүстігіне кірген.
Соңғы тәуілік ішінде артиллериялық атыс салдарынан 16 адам қаза тауып, 20-ға жуығы жараланған. Донбаста сепаратистер жаңа шеп құрып Мариуполге шабуыл жасауға дайындалып жатқандықтарын да жеткізді.