Дубай билігі құбылмалы ауа райы кезінде шомылғандарға айыппұл салмақ
2014 ж. 26 тамыз
1991
0
Полиция қызметкерлері жағалауда қауіптің бар екенін ескертетін қызыл жалау тұрғанда суға жүзетін немесе су спорты түрлерімен айналысатындарды жазаға тартатын болады.
Бұл шара жақын арада енгізілмек, деп хабарлайды Emirates24/7.
Айта кетейік, жағалауға қызыл жалау демалушыларға ауа райы қолайсыз болатыны жайлы ескерту ретінде ілінеді. Бұл суда жарақаттану мен суға батып кетудің алдын алу үшін қолға алынатын шара.
Алайда адамдар көп жағдайда оған мән бермейді. Енді оларға бұл қылықтары үшін айыппұл салынатын болды. Әзірге оның көлемі хабарланбады.