Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жезқазғанда жаңа теміржол бағыттарын ашады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.«Қазақстан Темір Жолы»ҰК» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Мемлекет басшысы Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл теміржол бағыттарын ашады. Ашылу салтанаты құрылыс орындарынан тікелей қосылу жолымен өтеді. Атап айтсақ, Маңғыстау облысының Бейнеу стансасы, Ақтөбе облысының Шалқар стансасы, Қызылорда облысының Сексеуіл стансасы мен Жезқазған қаласында ашылады.
«ҚТЖ»ҰК»АҚ ақпараты бойынша, 2012 жылдың маусымынан 2014 жылдың тамызына дейін үлкен жұмыс көлемі атқарылды.
www.bnews.kz