Үлкен облысқа жаңа әкім тағайындалды
2014 ж. 20 тамыз
2017
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды.
Алматы облысының әкімі қызметіне Амандық Баталов тағайындалды. Ол бұған дейін өңірді басқарған Аңсар Мұсахановты алмастырды.Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі Твиттердегі жеке парақшасында хабарлады.
Амандық Ғаббасұлы Баталов 1952 жылы Өзбек КСР Нүкүс қаласында дүниеге келген. 2008 жылдан бері Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Оған дейін 2001 жылдан бері Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінде болған. Әртүрлі жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі, Ленин аудандық әкімшілігінің басшысы, Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, "Құрылыс индустриясы және технология" концернінің вице-президенті қызметтерін атқарған. Инженер-гидротехник. 2008 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.