ҒАНИ ҚАСЫМОВ МАЛЬДИВ АРАЛДАРЫН "ПАНАЛАП" ЖҮР...
2014 ж. 18 тамыз
3088
1
Экс-сенатор Ғани Қасымов танымал Instagram әлеуметтік желісінде өзінің аккаунтын тіркеп, үлкен белсенділік танытып жүр.
Бір айға жетер-жетпес уақытта халық қалаулысы 350-ден астам жазба қалдырып, 4500-нан астам жазылушыны жинап үлгеріпті.
Экс-сенатордың дүниенің әр бұрышынан түсіріп, әлеуметтік желіге орналастырған суреттеріне қарағанда, оның жазғы демалысы аса қызықты әрі толыққанды өтуде. Суреттерге қарағанда, ол Италия, Мальдив аралдарында, т.б. жерлерде демалып үлгерген.Соған қарағанда, генерал-майор ақшаны шетелде қалдырып, сыртқа шашудан аулақ болыңдар деген халық қалаулыларының қатарына жатпайтын болуы керек. Мәселен, Мальдив аралдарында түскен суретінің астында жазылушылардың бірі онда демалу қаншаға түсті деген сауал қойыпты. Сенатор оған: "Қапшағайдан қымбат" деп жауап беріпті.
Сонымен қатар, Парламенттің Жоғарғы палатасының бұрынғы депутаты "өмір бойы өзімді түсіріп жүріп, мұның "селфи" деп аталатынын білмеппін" деп жазады. Қоғам қайраткерінің аталған әлеуметтік желідегі суреттері жан-жақты әрі біраз мағлұмат беретінін айта кету керек. Мәселен, ол тек шетелдегі демалыстарынан ғана емес, сонымен қатар Астана мен Алматының көрікті жерлерінен, сән әлемінің жаңалықтарынан да суреттер жариялаған.