Эрдоған Түркия президенттігіне сайлауда жеңіп шықты!..
2014 ж. 11 тамыз
1953
0
Түркияның Премьер-Министрі Тайип Эрдоған елде тұңғыш рет өткізілген президент сайлауында 52,1% дауыспен жеңіп шықты.
Осы сәтке дейін дауыс беру бюллетендерінің 99%-ы қаралып болды. Эрдоған бірінші турда 50 пайыздан жоғары дауыс жиғаны себепті сайлаудың екінші туры өткізілмейді.
Ресми қорытындыны осы аптаның басында орталық сайлау комитеті жариялайды.