Ресей сыртқы істер министрі қазақстандық тауарларды қайтадан сертификаттаудан бас тартуды қолдады
2014 ж. 07 тамыз
1782
0
Ресейдің сыртқы экономикалық ведомствосының басшысы Сергей Лавров Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Кедендік одақ елдерінің өнімдерін екі рет сертификаттаудан өткізуден бас тарту керектігі туралы пікірімен келісті.
Аймақ әкімі қазіргі кезде Ресей нарығына түскен қазақстандық өнімдердің қайтадан лицензиялаудан өтетінін тілге тиек еткен болатын. Ал бұл Қазақстан, Ресей мен Беларусь елдерінің мұрындық болуымен құрылған Кедендік одақ аясындағы келісімдерге қайшы келеді.
Сергей Лавров өз кезегінде ресейлік тараптың да бұл мәселеге көңіл аударып жүргенін жеткізді. «Бастапқыда ескі әдет бойынша мұндай жайттар орын алған болар, біз де бұған мән бере бастадық. Кедендік одақ аясында жасалған келісімдердің, оның ішінде сәйкес сертификаттар мен басқа да нормативтік құжаттардың мойындалуы туралы келісімдердің жылдам әрі кедергісіз жүзеге асуына біз де мүдделіміз», - деді С.Лавров. Естеріңізге сала кетейік, 6 тамыз күні Өскеменде Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Ерлан Ыдырысов пен Сергей Лавров кездесті. Оның барысында Қазақстан және Ресей президенттерінің алдағы қыркүйекте Атырауда болатын кездесулеріне әзірлік мәселелері талқыланды.
http://inform.kz/