Қазақстанда 500-ге жуық порносайт жабылды!!!
2014 ж. 01 тамыз
1874
1
Қазақстанда 500-ге жуық порносайт жабылды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Қазақстанның Интернет-қауымдастығының жетекшісі Шавқат Сабыров айтты.
Оның айтуынша, порнографиялық сайттарды жабу үшін Астананың Есіл аудандық сотының 12 шешімі қажет болған, яғни барлық 486 сайт бір ғана шешіммен жабылған жоқ. "Мемлекеттік өкілетті орган аталған сайттарда порнография бар екені туралы талап арыз береді, содан кейін оған соттың шешімімен тыйым салынады", - деп түсіндірді Сабыров.
28 шілдеден бастап, Қазақстандағы әлеуметтік желілерде кейбір порносайттардың қазақстандық провайдерлер арқылы ашылмай жатқаны туралы пікірлер айтылып жатыр. Мұның басты себебі - осы. Бұған дейін елімізде балалар үшін порнографиялық сайттарды қолжетімсіз ету мәселесі талқыланып жатқаны хабарланған еді. "Интернетте сіз кез келген бағдарламаны шақыра аласыз, айталық, сізге қажетті сөздік дейік. Сол кезде сіздің алдыңызға бірден порносайттың мекенжайы ашылады, солай емес пе? Бұл жайт балалардың назарын аударады, әрине, оларға кері әсер етеді. Сол сияқты көрсетіліп жатқан фильмдерді алайық... "Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына нұқсан келтіретін ақпараттардан қорғау туралы" заң жобасында ұғымдар мен жас ерекшеліктері нақты көрсетілген", - деген болатын депутат Гүлмира Исімбаева.
"Балалар кіретін ресурстарды порносайт сілтемелерінен неге тазартпасқа?" деген сауалға ол "Біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз, ол - өте күрделі мәселе, заң жобасын жасаушылар ретінде біз оны жақсы түсінеміз", - деп жауап берді.
Автор: Әсемгүл Қасенова
http://kaz.tengrinews.kz/internet/kazakstanda-500-ge-juyik-pornosayt-jabyildyi-255723/