ТІЛІМІЗ ӨЛСЕ, ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚАЖЕТІ ҚАНША?!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВҚА,

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАМЫЗДАҒЫ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ АШЫҚ ХАТ

ҚАДІРЛІ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ!

СІЗДІҢ АТЫҢЫЗҒА ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МӘРТЕБЕ БЕРІЛУІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ, ЕЛІМІЗДЕГІ БЕЛГІЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ, МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ, ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН, 20-ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ АЛМА¬ТЫДАҒЫ РЕСПУБЛИКА САРАЙЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫНДА» ҚАБЫЛДАНҒАН АШЫҚ ХАТ ЖОЛДАҒАНЫМЫЗДЫ БІЛЕСІЗ.

Біздің сол ашық хатымыздың атын атап, түсін түстемесе де, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 20-қазан күні, Ақордада орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте хаттағы ұсыныс, талаптарға жауап берген сыңай танытты. Мәселен, ол кісі былай деді: «...біз жекелеген шектен шыққандардың елдегі қазақ тілінің жағдайын қасақана, сыбай сынды төндіретін, процесті атүсті, жасанды түрде жеделдетуге шақыратын қандай да бір популистік және арандатушы мәлімдемелерді қабылдамаймыз. Осынау барынша нәзік саладағы радикалдық пен бір қиырдан бір қиырға кетуді де қабылдай қоймаймыз». Сонда Қ.Саудабаев мырзаның бағалауынша, акцияға қатысқан «Нұр Отан» партиясынан бастап барлық саяси партиялардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, зиялылар, тіл жанашырлары, қысқасы, Сарайға жиналған 4 мыңнан астам халық шектен шыққандар, популистер, арандатушылар, радикалдар, кеудемсоқтар болғаны ма? Біз аталған хатта тізіп көрсеткен 10 түрлі ұсыныс, талаптар, яғни, Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау, «Қазақстандық ұлт» идеясына тосқауыл қою, «Үш тұғырлы тіл» ұранын өзгерту, Тіл агенттігін, Тіл инспекциясын құру, ресми кездесулерде Мемлекеттік тілде сөйлеу, Инновациялық-технологиялық орталық құру, қолданбалы тілмен айналысатын институт ашу, 24 сағат мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарна ашу секілді 20 жылдан бері жинақталған, кезек күттірмес мәселелерде қандай шектен шыққандық, популизм, арандату, радикалдық, кеудемсоқтық бар? Сондай-ақ, өзіңіз басқаратын «Нұр Отан» партиясының 2007 жылғы 4-ші шілдеде кезектен тыс өткен ХІ съезінен кейінгі баспасөз мәслихатында білдірген ойыңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында тағы да қайталауыңыз бізді ғана емес, ұлтым дейтін барша қазақты қатты тіксінтіп тастағанын да айтпай тұра алмаймыз. Мәселен, Сіз 4-шілдеде былай деген болатынсыз: «...мы идем к самоидентификации – быть единым народом Казахстана. Вот, например, американцы состоят из сотни народов и наций, но называются американцами. Никто там не называет друг друга китайцем или корейцем. А твоя национальность – это твое дело... И это правильно. Потому что одна страна должна жить одним народом». Осы сөзіңізді жуырда Ассамблеяда жасаған баяндамаңызда былай толықтырдыңыз: «Первый вопрос – что мы пони¬маем под национальным единством? Это значит быть со¬обществом сплоченных этнических, религиозных и других социокультурных групп, живущих в нашей стране. Пожалуй, самая многонациональная страна – это США, где сотни этносов, но все они – американцы. Будучи с официальным визитом в Бразилии, я отметил для себя, что и эта страна многонациональна, но все жители – бразильцы... Мы должны идти по этому пути...» Саны көп ұлттардың саны аз ұлттарға қысым жасамауы жалпыәлемдік Адам құқы декларациясының 1, 19, 26-баптарында және халықаралық азаматтық және саяси құқықтық пактінің 1, 2-баптарында тасқа таңба басқандай етіп көрсетілген. Бірақ Ресей Федеративтік Республикасы соңғы жылдары өз қарамағындағы татар, башқұрт, ингуш, шешен, алтай, якут, бурят, құмық, балкар, т.б. ұлттарға ашық түрде қысым көрсетіп, олардың ана тіліндегі мектептерін жауып, орыстілді білім ошақтарына ауыстыруда. Мысалы, Татарстан мен Башқортостанда соңғы жылдар ішінде 3 мыңға жуық татар, башқұрт мектептері осындай күйге ұшыраған. Ресейдің жаппай орыстандыру саясатынан үлгі алған Қытай Халық Республикасы да басқа ұлт тілдеріндегі мектептерді жаппай қытайландыруға көшті. Бұрын Кеңестер Одағының құрамында болып, бүгінде егемендік туын көтерген мемлекеттердің көбі Ресейдің орыстандыру саясатына үрке қарауда. Тек Белоруссия мен Қазақстан ғана Ресей¬дің аз ұлттарға көрсетіп отырған зорлығын мүлде елеусіз қалдырып, онымен кедендік одақ құрып, өзгеше ортақ мәмілеге келді. Егеменді мемлекет атанғанымызға 18 жыл болса да, сонау Патшалық Ресей тұсында және Кеңестік тоталитарлық жүйе кезінде кең қанат жайған орыстандыру саясатына күні бүгінге дейін баға берілген жоқ. Қайта еліміздегі ұлтсыздандыру бұрынғыдан да үдей түсті. Жарайды, Ассамблея арқылы Сіз ұсынып отырған американдық жүйеге көше қояйық. Сонда қай тілді ортақ тіл етеміз? Әрине, билік күні бүгінге дейін менсінбей келе жатқан, ертең де менсіне қоймайтын мемлекеттік тілді емес. Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. (Бұл арада қандай мүдде алға шығып тұрғаны тағы белгілі). «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған қалың көпшіліктің талқылауына ұсынылған, Қазақстан Халқы Ассамблеясы қабылдауға тиісті, «Қазақстандық ұлтты» (жұртты шатастыру мақсатында) «ел бірлігі» деген сөзбен алмастырған «Қазақстанның ел бірлігі доктринасында» «...мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілі ресми түрде қолданылады» делінген. 2006, 2007 жылдары кейбір Парламент депутаттары: «Бізде мемлекеттік тіл екеу, өйткені Ата Заңымыздың 7-бабында орыс тілінің ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатыны айтылған», – деп дауласқан-ды. Сол кезгі бір депутаттың мәлімдемесіне байланысты ҚР Конституциялық Кеңесі көтерілген мәселеге орай қосымша қаулы шығарған болатын. Бірақ ол қаулыны мемлекеттік басылымдардың бірде-бірі жарияламады. Енді сол құжаттан үзінді келтірелік: «…Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деген конституциялық норма орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесі берілетінін білдірмейді. …мемлекеттік рәміздерде тек қана қазақ тілінің пайдаланылуы; мемлекеттік органдардың мөр¬лері мен мөртаңбаларындағы атауларының, мемлекеттің егемендігін айқындайтын мемлекеттік белгілердің (шекара бағандарында, кеден атрибут¬тарында және т.б.) қазақ тілінде жазылуы; мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық актілері мен өзге де ресми құжаттарының мәтіндерін қағазда және өзге де тасымалдауыштарда орналастырғанда, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми тұлғалары көпшілік алдында сөз сөйлегенде; мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми бла¬нкілері мен басылымдарында; ұлттық валютада және өзге де мемлекеттік бағалы қағаздарда; Республика азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарда, мемлекет атынан берілетін өзге де құжаттарда, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметімен байланысты өзге де салаларда қазақ тіліне басымдылық беріледі». ҚР Конституциялық Кеңесінің қосымша қаулысында көрсетілген мемлекеттік тіл иеленуге тиісті басымдықтарды билік күні бүгінге дейін байқамаған сыңай танытуда. Егер осы қаулыға заң көзімен үңілер болсақ, басқасын былай қойғанда, екі тілде басылған ұлттық теңгеміз де, Президент әкімшілігінен бастап Үкімет үйі де және олардың облыстық, қалалық, аудандық, яғни мемлекеттік ұйымдарының маңдайшалары (қоғамдық, жеке меншік орындардан басқа) тек мемлекеттік тілде жазылуы керек екен. 2010 жылдан бастап жаппай мемлекеттік тілге көшуге тиісті болатынбыз, қазір ол қаулы да көп бос әңгіменің біріне айналды. Құрылымы мен заңдылығының өзі даулы Қазақстан халқы Ассамблеясы талқылауға ұсын¬ған Қазақстанның ел бірлігі док¬тринасының «Тіл саясаты саласында» атты бөлімінде мемлекеттік тіл төңірегінде жеңіл салмақты, маңызы шамалы мәселелер ғана алға тартылған. Керісінше, орыс тілін мемлекеттік тіл ретінде заңдастыруға бағытталған «үш тұғырлы тіл» саясатын кезең-кезеңімен іске асыру міндеті қарастырылған. Ал ұзақ жылдардан бері жинақталған проблемалар, «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясында ұсынылған талаптардың бірі де көрініс таппаған. Қысқасы, үлкенді-кішілі билік иелерінің мемлекеттік тілді дамытуға дәр¬мені жоқ. Өйткені олардың бәрі өзіңіздің аузыңызға ғана қарап отыр. Сіз Ассамблеяда сөйлеген сөзіңізде Конституциялық Кеңестің қосымша қаулысына үндеспейтін «орыс тіліне мемлекеттік тілді қарсы қоюға болмайды» деген пікір айттыңыз. Сонда, бұдан былай мемлекеттік тілге мұрын шүйіре қарап, тек орыс тілінде ғана сайрайтын бір басшыға «ана тіліңізді неге менсінбейсіз?» деп ескерту жасасақ, орыс тіліне мемлекеттік тілді қарсы қой¬ғандығымыз болмай ма?! Осы сөзіңіз арқылы «қазақ тілі уақытша, болашақта түгел орыс тіліне көшеміз деген» ойды меңзеп тұрған секілдісіз. Қазір бұл міндетті бастауын американдық ұлттан алатын «ел бірлігі» («қазақстандық ұлт») идеясы атқаратынына көзі қарақты адамның күмәнданбасы айқын. Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев ҚР Сырт¬қы істер министрі болып қызмет атқарып тұрған шағында «Түркістан» газетіне берген сұхбатында (2.ХІ.2004 ж.) «Қазақстандық ұлт» деген тезисті мүлде қабылдауға болмайды», – деп мәлімдесе, өзіңіз басқаратын «Нұр Отан» партиясы жетекшілерінің бірі Ерлан Қарин тағы сол «Түркістан» газетінде (29.Х.2009 ж.) «...бұрын да айтып жүрмін, қазір де қайталап айтайын, мен «қазақстандық ұлт» концепциясын қолдаушылардан емеспін. Менің ойымша, ұлттық саясатта ең әуелі қазақтың бірлігін қалыптастыруды ойлау керек», – деп өз пікірін ашық білдіреді. Тіпті өз айналаңызда үлкен қызметте жүрген, ел, ұлт тағдырына немқұрайды қарамайтын адамдардың едәуір бөлігі «қазақстандық ұлтқа» яғни («ел бірлігіне») қарсы. Алайда Қазақстанды орыстілді мемлекет етіп жасақтайтын «ел бірлігі» («қазақстандық ұлт») идеясын орыстілді қауым осы жолы да дәл түсінді. Түсінді де, қуаныштарын жасыра алмады. Мысалы, Сергей Дуванов деген сарапшы былай деп жазады: «...И третий вывод, органично вытекающий из двух первых: что в Казахстане не будет национального государства, а будет гражданское по примеру США, Бразилии, Австралии... Согласитесь, что этим Назарбаев ставит жирную точку в общественной дискуссии о том, какой Казахстан мы строим: нац¬ио¬нальное государство ка¬захов, в котором позволено жить остальным этносам, либо сугубо гражданское государство, названное в честь коренного этноса, но в котором вопросы этнического происхождения остаются за бортом государственной жизни. В своем выступлении, приведя конкретный пример США, Бразилии, Франции, Назарбаев четко обозначил государственную политику в этом вопросе. В понимании Назарбаева нынешний Казахстан – это единый народ без разделения на казахов и русских, на азиатов и евро¬пейцев, на мусульман, пра¬вславных, католиков и протестантов. Все проживающие в стране – ГРАЖДАНЕ и потому казахстанцы. При всем моем критическом отношении к Назарбаеву трудно не признать, что это сильнейший ход, который однозначно обеспечит самую широкую поддержку нынешнего режима со стороны всех неказахов, а также части русскоязычных казахов» (Информационно-аналитический портал «Республика КZ»). С.Дуванов Сіздің нені меңзеп отырғаныңызды дөп басқан. Сіздің баяндамаңыздың «При этом развитие государственного языка не должно вести к дискриминации из-за того, что кто-то им пока не владеет. Нарушения конституционных прав наших граждан недопустимы, их должны немедленно пресекать правоохранительные органы» деген тұсы ұлтжанды қазақ пер¬зенттерінің қолына кісен болып салынғалы тұр. Бұл талап доктринаға да ендіріліпті. Біз ендігі жерде мемлекеттік тілдің мүшкіл халін мүлде айтудан қалатын тәріздіміз. Айтсақ – жауапқа тартыламыз. Өйткені құқық қорғау орындарына әлгіндей тапсырма бердіңіз. Осы мәлімдемеңізді оқығанда 37-жылға қайта оралғанбыз ба деп қалдық. Сол заманда да дәл осылай шектеу қойылған. Мемлекеттік тілде сөйлеуге намыстанатын биліктегі кейбір қандастарымызға «мұның дұрыс емес» деуге құқымыз болмаса, ұлтымыздың жоқ жітігін түгендей алмасақ, бізге Тәуелсіздіктің қажеті қанша? Осы тапсырмаңыздың қуатын жойғы¬зуға тиістісіз. Әлде жеткен жеріміз осы ма? Кез келген елді жалқы ұлттық (мононациональная) деп мо¬йын¬дау үшін сол ұлттың бүкіл тұрғындар санының 67% үлесі болса жеткілікті ек¬ен. Бұл халықаралық құқық пен өркениеттік қағидасының тұжырымдамасы болып табыла¬ды. Егер біз ең байырғы және ерекше беделді, әлем мойындаған халықа¬ралық құқық қорғаушы «Фридом Хаус» атты ұйымның (оның қамқоршыларының санатында аты¬¬шулы саясаттанушылар З.Бжезинский, Б.Ричардсон, К.Адельман және т.б. бар) құжат¬тарын қарасақ, онда айқын да анық мынадай анықтама бер¬ілген: «Тұрғындарының үштен екі бөлігінен астам үлесі бірегей этнос тобына жататын ел жалқы ұлттық (мононациональная), ал осы үлес үштен екі бөлігі¬нен аспаса, ол көп ұлтты (многонациональная) деп ата¬лына¬ды» делінген. Қазақ елінде жүргізілген соңғы тұрғындар санағының нәтижесі – (27.02.2009 ж.) еліміздегі қазақ ұлтының үлесі 67,8% пайызын құрап, жалпы халық санының үштен екі межесінен артқанын мәлім етті. Егер жоғарыда келтірілген халықаралық беделді, қағидалық анықтамаға сүйенсек, Қазақстан жалқы қазақ ұлтының (мононациональная) мемлекеті екендігі күмәнсіз. Алайда Израйльде еврей ұлты 60% ғана, бірақ ол жалқы ұлттық мемлекет. Оның барлық саясаты тек қана еврейлердің жақсы тұрмыс құруына бағытталған. Біріккен Араб Әмірлігінде жер¬гілікті араб ұлты 20% құрайды және тек солар ғана мұнайдың игілігін көріп отыр. Бұл жалқы ұлттық (мононациональное) мем¬ле¬кет¬тің емес, ұлттық (нацио¬нальное) мемлекеттің мысалы болып табылады. Біз осы жайттарды ескере келе «Ел бірлігі» («Қазақстандық ұлт») доктринасының өмірге келуіне негіз болған, халықаралық құқық¬тық нормаларға сай келмесе де, кезінде қабылданып кеткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңды қайта қарап, Кон¬ститутцияға мүлде жаңа өзгеріс енгізу қажет деп білеміз. Біз ешқашан да өз ұлтымызды өзге ұлттардан биік қойған ем¬ес¬піз. Республикамызда өмір сү¬р¬іп жатқан барлық этностар тілінің, салт-санасының, рухани құндылықтарының сақталуын, өр¬кен жаюын қалаймыз. Сол ықылас-ниетіміз ешқашан өз¬гер¬¬мейді. Әрине, еліміздегі әр ұлт өкілінің тілі мен рухы үл¬кен ауқымда қанат қағар өз түпкі Отаны бар. Орыстардікі – Ресей, өзбектердікі – Өзбекстан, немістердікі – Германия, украи¬ндардікі – Украина, тәжіктердікі – Тәжікстан... Сонда басқа Отаны жоқ, өз ата-бабасының жерінде «ел бірлігі» («қазақстандық ұлт») арқылы көп этностың біріне айналып, тілі, рухы жойылғалы тұрған қазақ халқының болашағы қалай болмақ? Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы ұсынылып отырған доктринада мемлекеттік тіл туралы жазылған жылы сөздердің көбі көз алдау, ойын екенін де сезіп отырмыз. Үлкен билік басындағылардың бірде-біреуі баласын, қызын, тым құрыса немересін мемлекеттік тілдегі балабақшаға, мектепке бермеуінен келешекте «ел бірлігі» («қазақстандық ұлтқа») көшіре¬тіндеріңізді шамалағанбыз. (Бірақ бүгінгі деңгейдегі жамандыққа қи¬мап едік...) Бұл арада рес¬публикамызды мекен ететін бас¬қа ұлт өкілдері де мықтап ойланғаны жөн. Олар тілін, салт-санасын, рухани құндылықтарын тікелей жоюға апаратын, өзінің негізгі бастауын «американдық ұлттан» алатын, тіпті Ассамблея ұсынған доктринада да аты, түпкі мақсаты жасырылған «қазақ¬стандық ұлттың» қасіреті шаш етектен екенін есте ұстағандары ләзім. Әрбір ұлт өз тілін, өз болмысын сақтап қалуға құ¬қылы. Қазақстан билігінің бұл қадамы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО қабылдаған заң¬дарға кереғар. Қазақ халқын және республикамыздағы өзге ұлт өкілдерін ұлтсыздандыруға бастайтын, бұл американдық, ко¬смополиттік қадамға, демо¬кра¬тиялық үрдіс аясында, ашық түрде қарсылығымызды білдіре¬міз! Бәрімізге ойланар, толғанар кезең келді...

Ә.НҰРПЕЙІСОВ, КСРО Мемле¬кеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы;

Қ.МЕДЕУБЕКОВ, академик, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1982-1991 жылдар аралғындағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы;

М.ӘЛІМБАЕВ, Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

М.МЫРЗАХМЕТОВ, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы;

А.ӘШІМОВ, КСРО Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

М.ШАХАНОВ, республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының, тіркелмеген «Халық рухы» демократиялық партиясының төрағасы, Қазақстанның Хал¬қ жазушысы;

Ж.ТҰЯҚБАЙ,Б.ӘБІЛЕВ, ЖСДП «Азат» партиясының тең төрағалары;

С.ӘБДІЛДИН, Қазақстанның Ком¬мунистік партиясының төрағасы;

В.КОЗЛОВ, тіркелмеген «Алға!» халықтық партиясының төрағасы;

Б.НҰРМҰХАМЕДОВ, «Ақ жол» партиясы атынан партия төрағасының орынбасары;

К.ОРМАНТАЕВ, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор;

М.ТӘТІМОВ, демограф, Орталық Азия университетінің ректоры, поли¬тология ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері;

Ғ.ЖАЙЛЫБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары;

Т.КӘКІШЕВ, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор;

Р.СЫЗДЫҚОВА, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

Қ.ЫСҚАҚ, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қай¬рат¬кер;

Д.ИСАБЕКОВ, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Мәдениет» журналының бас редакторы;

Қ.МЫРЗА-ӘЛІ, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

Ш.ЕЛЕУКЕНОВ, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор;

Н.НҮСІПЖАНОВ, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

Қ.ЖҰМАДІЛОВ, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

Г.БЕЛЬГЕР, жазушы, Президенттің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты;

С.ҒАББАСОВ, жазушы, Медицина және педагогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі;

Т.МЕДЕТБЕК, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

С.ИМАНАСОВ, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;

И.САПАРБАЙ, ақын, Платиналы «Тарлан» сыйлығының лауреаты;

С.БАТЫРШАҰЛЫ, республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының Астана қалалық филиалының төрағасы;

Ғ.ҚАБЫШҰЛЫ, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті жорналшысы;

Д.КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы;

А.САРЫМ, саясаттанушы, А.Сәрсенбайұлы қорының жетекшісі;

Э.ТӨРЕХАНОВ, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы;

А.ОСМАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Әзірбайжан мәдени орталығының төрайымы;

Б.ИМАНҚОЖА, «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

Б.СӘДУҰЛЫ, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

Х.ҒАБЖАЛИЛОВ, «Алаш» та¬ри¬хи зерттеулер орталығының пе¬р¬зиден¬ті, «Алаш» этноло¬гиялық тарихи-ғылыми журна¬лы¬ның бас редакторы;

Р.СӘРСЕН¬БАЙ, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы;

Г.ЕРҒАЛИЕВА, «Свобода слова» газетінің бас редакторы;

Ж.ӘШІМЖАН, «Қаламгер-Media» орта¬лығы¬ның директоры;

Ж.ШАШТАЙҰЛЫ, «Қазақ әде¬биеті» газетінің бас редакто¬ры;

Ә.СЫҒАЙ, «Дарабоз» журналы¬ның бас редакторы, ҚР Мемлекет¬тік сыйлығының лауреаты;

Ш.ПАТТЕЕВ, «Түркістан» газе¬ті¬нің бас редакторы;

М.ТОҚАШ¬БА¬ЕВ, «Президент және халық» газетінің бас редакторы;

Б.НҰРЖЕКЕЕВ, «Жалын» бас¬пасы¬ның директоры;

Ж.ҚАЛЫ¬БАЙ, «Жұлдыздар отбасы» жур¬на¬лы¬ның бас редакторы;

Ұ.ЕС¬ДӘУ¬ЛЕТ, ҚР Мемлекеттік сый¬лығы¬ның лауреаты, «Жұл¬дыз» журналының бас редакторы;

М.ҚҰЛКЕНОВ, «Таңшолпан» журналының бас редакторы;

Н.ДӘРІМБЕТ, «Азат» газетінің бас редакторы;

М.САЛҚЫНБАЕВ, «Ақиқат» журналының бас ре¬дак¬то¬ры;

Қ.ТҮМЕНБАЙ, «Үркер» журналының бас ре¬да¬к¬торы;

Қ.ИСА, «Жас қазақ» ТГР ЖШС газетінің бас директоры, Халықа¬ралық «Алаш» әдеби сы¬й¬лығының лауреаты, ҚР Мәде¬ниет қайраткері;

Ө.АҚЖІГІТ, “Жас қазақ үні” газетінің бас редакторы;

Ж.ҚОРҒАСБЕК, жазушы, «Жас Өркен» ЖШС-ның бас директоры, «Тарлан Үміт» сыйлығының иегері;

С.МҰХТАРБЕК, «Қазақстан» газе¬тінің бас редакторы;

Қ.СӘРСЕК¬ЕЕВ, «Қазақ» газетінің бас редакторы;

Е.АЙҒАЛИҰЛЫ, «Қазақ¬стан-Заман» газетінің бас редакторы;

М.ҚОСМАМБЕТОВ, «Үш қиян» баспасының дирек¬торы;

Е.ЖЕҢІСҰЛЫ, «Ұлан» газе¬ті¬нің бас редакторы,

И.ОМАР, «Замана» газетінің бас редакторы;

Қ.ҒАБДОЛЛА, «Жұ¬ма¬дағы жүздесу» газетінің бас редаꬬторы;

Т.АЙТБАЙҰЛЫ, «Жыл он екі ай» журналының бас ре¬дак¬торы;

С.СМАТАЕВ, жа¬з¬у¬шы, Халықаралық «Алаш» әде¬би сыйлығының лауреаты;

М.ЫСҚАҚБАЙ, Қазақстан авто¬рлары қоғамының төрағасы;

Б.АТАБАЕВ, «Ақсарай» мюзикл жастар театрының директоры;

А.ҚОРАЗБАЕВ, әнші-сазгер, «Қазақ әуендері» АҚ «Қазақ¬концерт» КБ филиалының дирек¬торы, Қазақстанның Халық әр¬тісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

М.ІЛИЯСОВА, «Май¬ра» продюсерлік орталығының директоры;

Қ.БІЛӘЛ, жазушы, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төралқасының мү¬ше¬сі, ҚР Мәдениет қайраткері;

Д.ТҰРЛЫБЕК, жазушы, Халықа¬ралық Түркі әлемі теле¬студия¬сы¬ның бас директоры, Халықаралық «Жамбыл» атындағы сыйлықтың лауреаты;

Ж.КЕНЕБАЙ, «Тан¬ым» пікірсайыс клубының жетек¬шісі;

Ы.ДӘБЕЙ, ақын, «Алаң» әдеби бірлестігінің жетекшісі;

Ж.МАМАЙ, «Рух пен тіл» клу¬бы¬ның жетекшісі, А.Сәрсенбай¬ұлы атындағы сыйлықтың лау¬реа¬ты;

Ж.ШЫМШЫҚОВ, ҚР Ғылым, білім министрлігі Эконо¬мика институтының Астана қала¬сындағы филиалының директоры, экономика ғылымдарының кан¬ди¬даты, профессор;

Б.ТӨРЕ¬ҒО¬ЖИНА, «Ар. Рух. Хақ» қо¬ға쬬дық қозғалысының тө¬рай¬ымы;

Б.САРБАЛАҰЛЫ, сын¬шы, Хал¬ықа¬ралық «Алаш» әде¬би сый¬лығының лауреаты;

.ТӘЛІМ¬ҰЛЫ, Талғар аудандық ме¬м¬¬¬лекет¬тік тілді оқыту орта¬лы¬ғының директоры;

А.АСАНОВА, 1986 жылғы Желтоқсан көтері¬лісінің құрбаны Л.Асанованың анасы;

Т.РЫСҚҰЛБЕКОВ, «Жел¬тоқсан рухы» қоғамдық бірлестігі төралқасының мүшесі, 1986 жылғы Желтоқсан көте¬рілісінің құрбаны, «Халық қаһар¬маны» Қайрат Рысқұлбековтың інісі;

Ә.ҚАЙЫРБЕКОВ, С.Мұқан¬ов пен Ғ.Мүсіреповтің мем¬лекет¬тік әдеби-мемориалдық мұра¬жай ке¬ше¬н¬інің директоры;

Ж.БӨДЕШ, ақын, Халықаралық «Алаш» әде¬би сыйлығының лауреаты; А.ӘЛІМ, ақын, М.Мақатаев ат¬ын¬дағы сыйлықтың иегері, ҚР Мәде¬ниет қайраткері;

Б.ҚОЙШЫБАЕВ, жазушы, Қазақстан «Әділет» тарихи-ағар¬ту Қоғамының президенті, тарих ғы¬лымының кандидаты;

Т.ӘЛІМБЕК¬¬ҰЛЫ, сатирик, Хал¬ықа¬ра¬лық «Алаш» әдеби сыйлы¬ғының лауреаты;

Р.ИМАХАН¬БЕТ¬ОВА, А.Байтұр¬сын¬ұлы мұ¬ра¬жай-үйінің дир¬екторы, фи¬ллогия ғылымда¬рының кан¬ди¬даты;

Қ.УМАРОВ, Қазақстан ки¬нема¬тографистер Одағының мү¬¬¬¬шесі, кинорежиссер-докуме¬нталист;

М.КЕНЖЕБАЙ, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері;

Х.ҚОЖА-АХМЕТ, 1970-1980 ж.ж. саяси тұтқын, «Азат» қоз¬ғалысы¬ның төрағасы;

Ж.ҚУАНЫШАЛИН, «Жаса, Азат¬тық!» қоғамдық бірлестігінің төра¬ғасы;

Ш.ӘБДІКӘРІМОВ, ақын, Қызылорда қоғамдық теле¬радиокомпаниясының төрағасы, республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының Қыз¬ылорда облыстық филиа¬лы¬ның төрағасы;

К.АСАН-АТА, жа¬з¬у¬шы, Халықаралық Хел¬лманн-Хэмметт (АҚШ) сыйлы¬ғының лауреаты;

М.КЕНЖЕБАЙ, ауылшаруа¬шылығы ғы¬лы¬мдар¬ы¬ның кандидаты, до¬ц嬬¬нт;

А.ҚАДЫР¬БАЕВА, «Күрета¬мыр» қо¬ғам¬дық қорының пре¬зи¬денті;

Д.ӘШІМХАНҰЛЫ, жазушы, «Ел-шежіре» қоғамдық қорының төрағасы;

Қ.ІЛИЯСҰЛЫ, сати¬рик, Халықаралық «Алаш» әдеби сы¬й¬¬лығының лауреаты;

Қ.БОЛАТБА¬ЕВ, Т.Жүргенов атын¬дағы Қазақ ұлттық өнер ака¬де¬м¬и¬я¬¬сының проректоры, өнертану док¬торы, профессор;

Б.ҚҰНДА¬ҚБАЙҰЛЫ, өнертану докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,

Б.НӨГЕРБЕК, өнер¬тану докторы, профессор, ҚР ең¬бек сіңірген қайраткері;

С.ҚАМ¬ШЫ¬ГЕР, ақын; Б.ӘШІРБАЕВ, ақын;

Т.ӘСЕМҚҰЛОВ, жазушы;

Ә.ҚАЛАМБАЕВ, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Сарыағаш ауданының құрметті азаматы;

Б.ТОБАЯҚОВ, ақын, ҚР Мәден¬иет қайраткері;

С.ӘБДІКӘРІМ¬ОВ, жазушы, ҚР Мәдениет қай¬рат¬кері; К.АДЫРБЕК, журналист, Президент сыйлығының лауре¬аты;

Ж.СӘРСЕК, ақын, Халықа¬р¬¬а¬¬лық «Алаш» әдеби сый¬лы¬ғының лауреаты;

Т.ТАҢЖА¬РЫҚ, ақын, «Серпер» жас¬тар сыйлы¬ғының лауреаты;

С.СЕЙТМАН, ақын;

М.МӘЛІКОВ, жазушы;

Е.ЖҮНIС, ақын, Президент ку¬бо¬гінің иегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдеге¬рі:

А.ЕЛГЕЗЕК, ақын,«Серпер» жастар сыйлығының лауреаты;

Ж.ДӘУЛЕТ, сазгер, ҚР Мәдениет қайраткері;

М.АБАҒАН, тіл жа¬нବшыры, ҚР Мәдениет қайрат¬кері;

Б.ШАРАХЫМБАЙ, ақын, Бү¬кіл¬түркі дүниесі ақындары фестивалінің лауреаты;

Б.ӘБІШ, жазушы, Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаты;

С.ӘКЕЛ¬ЕЙ, әншi, Халықаралық ән¬ші¬¬лер конкурсының лауреаты, Ұлттық Өнер академиясының аға оқыту¬шысы;

М.ҚАЛЫБАЙ, Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңген зейнеткер;

Ғ.ДҮЙСЕН, экономика ғылымдарының кан¬д謬даты;

Е.АҚШОЛАҚОВ, жазу¬шы;

И.ЖЕМЕНЕЙ, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мәдениет қайраткері;

С.ШҮКІР¬ҰЛЫ, журналист, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері;

У.НҰРГЕ¬ЛДІ, филология ғылым¬да¬рының докторы;

З.БАЗАРБА¬ЕВА, фило¬ло¬г¬ия ғылымдарының докторы, профессор;

Е.РАҚЫШ¬ЕВ, режис¬сер, «Жас Ұлан» киностудиясының директо¬ры;

Т.БИНАШЕВ, мүсін¬ші, ҚР Мәде¬ниет қайраткері;

Д.МҰҚАНОВ, аудармашы, әдебиет¬танушы; Б.ОМАРОВ, сазгер, «Арман» продюсерлік орталы¬ғының директоры;

А.ОМАРОВ, әнші, «До-Мажор» тобының мүше¬сі;

С.МЕДЕУОВ, әнші, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты; т.б.

Ашық хатты бүгінге дейін 5219 адам қуаттап қол қойды. Қол қою әлі де жалғаса бермек

№43-44   20.11-27.11.2009 ж.