Бақыт Сәрсекбаевтың анасы баласының қылығынан жағасын ұстады!
2014 ж. 24 шілде
3789
8
Атақты боксшы Бақыт Сәрсекбаев жеке бапкері болған туысынан ақыры пәтерін тартып алды. Бір қызығы олимпиада чемпионы бұған дейін соттан ұтылған болатын деп хабарлайды КТК арнасы.
Осылайша, іс жаттықтырушының пайдасына шешілген. Алайда, кассациялық сот ешкім ойламаған жерден алдыңғы шешімді өзгертіп, кезінде чемпионға демеушілер сыйға тартқан пәтерді Сәрсекбаевқа қайтарып берді. Бұған жаттықтырушыны айтпағанда, Бақыттың анасы да жағасын ұстап отыр.
2008 жылы Бейжіңде Бақыт Сәрсекбаевтың жұлдызын жандырған бапкердің қазір күйі кеткен. Бала–шағасымен, бір топ шәкірттерімен Алматыда пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Себебі атақты жиені нағашы ағасының ғана емес, кезінде өзі сыйлаған туған інісінің де пәтерін тартып алып тентіретіп жіберіпті. "Біз зпәтерде 10 адам тұрамыз. Қасымда оқушыларым бар. Бақыттың бауырлар әйел бала-шағасымен бізбен бірге тұрады. Енді Бақыт маған берген пәтерін алып қойып отыр", - Бақыт Сәрсекбаевтың бапкері Кәрім Махмұдов. Кассациялық сот алқасының күтпеген жерден бұған дейін шығарылған шешімді өзгертуі Кәрім Махмұдовты есінен тандыра жаздады. Себебі жиенінің шағымды қарша боратқанына қарамастан бапкер барлық сотты тіпті апелляциядан да жеңген болатын. Оңайлықпен берілмеймін деген жаттықтырушы енді Жоғарғы сотқа шағымданбақ.Ал ет жақын туысына берген пәтерін ақыры тартып алған ұлының әрекетін анасы да түсінбей дал.
"Күллі елге масқара болды. Қазақстанға ғана емес, Өзбекстанға да масқара болды. Бақытың ісіне барлығы күліп жүр. Ақылынан алжасқан сияқты", - дейді Бақыт Сәрсекбаевтың анасы Валентина Рахманова.
300 мың доллар тұратын 3 бөлмелі элиталық пәтердің дауы Астанада жарты жыл бұрын басталған. Бейжің Олимпиадасынан соң Сәрсекбаев жеке бапкеріне пәтер кілтін көптің көзінше өз қолымен табыстапты. Сол сәт жазылған таспада бар. Алайда арада 6 жыл өткенде чемпион айнып шыға келген. Кәрім Махмұдов Бейжіңнен кейін Лондонға апармады деген желеумен . Бала кезінен Бақытты өзі баптаған нағашы болса жиенінің сөзін өтірік деп отыр. Ал соттасып жүріп қымбат сыйын кері қайтарған Бақыт Сәрсекбаевтың өзімен байланысудың сәті түспеді. Шетелге шығып кеткен. Бірақ боксшының аты тағы дауға қалып жатыр. Себебі жақында ол араққа сылқия тойып алып Шымкентегі қонақүйдің күзетшілерін соққыға жыққан. Енді шетелден оралған бойда, атышулы Сәрсекбаевты тағы бір сот күтіп тұрған секілді.