Сириядағы соғысқа баруға үндеген әсіре діншіл бүлікшілер сотталды!
2014 ж. 23 шілде
2131
0
Қарағанды облысында Сириядағы соғысқа баруға үндеген әсіре діншіл бүлікшілерге қатысты сот шешімі шықты.
Жезқазған өңірінде үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізген азаматтар 6 жылдан 12 жылға дейін жалпы режимдегі түзеу мекемелеріне жөнелтіледі.
Жастары 20 мен 40-тың аралығындағы төрт азамат мешіттерді аралап Таяу Шығыстағы "джихатқа" қатысуға шақырған.
Сирияда "дінсіздерге қарсы қасиетті соғыс" болып жатыр деген желеумен жастарды арбауына түсіргендер бұны белгісіз біреулердің тапсырмасы дегенді жеткізді.
Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы мешітке келушілерді Сирияға баруға үгіттеген. Бұлардың заңсыз әрекетін байқап қалған тұрғындардың бірі Қарағанды облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлаған.
Қажетті айғақтарды жинап, қылмыстық іс қозғалған. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушылар өз кінәларын мойындамағандықтан, шешімді қайта қарау туралы шағым түсіретіндерін айтқан. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/323056.html
31 арна