Айтыс пен саятшылық өнер ЮНЕСКО-нің тізіміне енуі мүмкін!..
2014 ж. 20 шілде
2344
0
Бұл жайында ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілдері хабарлады.
22-24 шілде күндері Астанада ұлттық комиссиялардың бірінші аймақаралық кеңесі өтпек. Оған 130 елден делегаттар қатысады деп күтілуде. "Жиында біршама маңызды мәселелер талқыланады", - дейді Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Сондай-ақ, биыл ұйым тарапынан Қазақстанға бірнеше сертификаттар табыс етіледі. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов те арнайы медальмен марапатталмақ.
Еске салайық, шахар басшысы осы жылдың 30 сәуіріне дейін Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясына төрағалық еткен.
Еліміз 20 жылдан бері аталған ұйымға мүше болып табылады. Біздегі жоғарғы оқу орындарында ЮНЕСКО-ның 4 кафедрасы жұмыс істейді. Одан басқа 30 клуб пен 28 ассоциациялық мектеп те бар.
"Айтысты, қазақ елінің ерекшеліктерін, сонымен бірге бүркітпен аң аулау, сондай көптеген, былайша айтқанда, дәстүрлі шараларды ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізіп жатырмыз. Семей-Невада антиядролық қозғалысының бірінші қалай қозғалғанын да", - дейді Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.