Төтенше жағдайлар министрлігі Талғардағы апатты жұрттан жасырмақ болды
2014 ж. 19 шілде
2794
0
Талғар ауданын тас-талқан ете жаздаған апатты жұрттан жасырамын деп Төтенше жағдайлар министрлігінің өтірігі шығып қалды. Бұл туарлы КТК арнасы хабарлайды.
Владимир Божко басқаратын министрлік селден төнген қауіп жоқ деп кешелі бері шынайы ақпаратты қайта-қайта теріске шығарған болатын.
Алайда шенеуніктердің өтірігі тәулік өтпей әшкереленіп отыр.
Бас құтқарушы Владимир Божконың командасы шынайы жағдайды неліктен жасырғаны белгісіз. Өзі болса, Астанада жүр. Оқиға орнына баруды да жөн деп таппаған секілді.
Ал министрдің осындай жауапсыздығының кесірінен жүздеген адам ажал құшуы әбден мүмкін еді.