Жаңа қала бой көтермек!..
2014 ж. 19 шілде
2648
0
Сырдың сол жағалауынан салынып, 90 мың тұрғынға қоныс болатын жаңа қалашық шығыстық дәстүрде салынады деп хабарлайды Қазақпарат.
Фото: kzvesti.kz Фото: kzvesti.kz
Бұл туралы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Сейілхан Тойбазаров журналистермен кездесу кезінде мәлім етті. Аймақтың айтулы жаңалығына айналған Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру жұмыстары бүгіннен-ақ басталып кетті.
Бұл аумақта игерілетін жер көлемі 1532 гектарды құрайды. Қазірде 107 млн. теңге қаржыға сол жерді түбегейлі жоспарлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дария үстінен түсуі тиіс үш көпірдің бірі, яғни Мұратбаев көшесіндегі көпір құрылысы басталып та кетті. Оның жалпы сметалық құны - 5,9 млрд теңге. Көпір құрылысы екі жылға жоспарланған.
Ұлттық нақыштар ескеріліп, шығыстық шырайда салынатын сол жағалау құрылысы алдағы жылы басталады. Басқарма басшысы Сейілхан Тойбазаровтың айтуынша, ол аймақтан жеке секторға жер телімі сатылмайды.
Негізінен ғимараттардың дені көп қабатты үйлерден тұрады. Кезең-кезеңімен іске асатын алып жоба жүзеге асқанда Есілдің екі бетіне орналасқан әсем Астана секілді Сырдың бас шаһары Қызылорда қаласы да жаңаша кейіпке енетін болады дейді мамандар. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/322620.html
ҚазАқпарат