Ашынасы бар шенеуніктер қызметінен қуылады!!!
2014 ж. 18 шілде
2646
2
Қытайда ашынасы бар шенеуніктер қызметінен қуылатын болды. Енді олар өз әйелінен бөтен келіншектермен көңіл қосса, тек жұмыстан кетіп қана қоймай, партия қатарынан да аластатылады.
Аспан асты елі мұндай шараны жемқорлықты жаппай жою үшін қолға алып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.
Өйткені бұл елде атқамінерлер өз әйелінен гөрі көңілдестеріне көп ақша жұмсайтын көрінеді. Солардың көңілін табамын деп көптеп пара алады екен.
Осылайша, 1 ай ішінде жарының көзіне шөп салған 6 қызметкер ұсталды. Шенеуніктер пара алып, сүйіктілеріне қымбат сыйлықтар жасаған.
Жаңадан енген тәртіпті, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлердің заңды некедегі әйелдері қуана қолдап отыр.