Халықаралық әуекомпаниялар Украина үстімен ұшуларды тоқтатты!!!
2014 ж. 18 шілде
1565
0
"Трансаэро" және "Air France" авиакомпаниялары малайзиялық Boeing 777 ұшағы апатқа ұшырауына байланысты шығыс Украина үстімен ұшуларды тоқтатты, деп хабарлады компаниялардың баспасөз қызметтері.
"Трансаэро" авиакомпаниясы қазірден бастап өзінің барлық ұшуларын Украинаның әуе кеңістігін айналып өтіп, үшінші елдерде орындауға шешім қабылдады", деп хабарлады Трансаэро.
Сонымен бірге компания Мәскеуден Киевке, Днепропетровскіге және Одессаға рейстер орындайтын "Трансаэро" ұшақтары бірнеше айдан бері Донецк және Луганск облыстарының аумағы үстімен ұшпайтынын нақтылады.
Air France 2014 жылғы 3 сәуірден бері оның ұшақтары Қырымға ұшпайтынын атап өтті. Авиаапатқа байланысты бұл компания да шығыс Украинаның әуе кеңістігін айналып өтуге шешім қабылдады.
Сондай-ақ, қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы да Ресей мен Украина шекарасынғы қайғылы әуе апатына байланысты өзінің Алматыдан Киевке ұшатын рейсін 24 сағатқа кейінге қалдырды, деп хабарлады авиатасымалдаушының баспасөз қызметі.
Отандық әуекомпания 17 шілдеде Амстердам-Куала-Лумпур бағытымен рейске шыққан Malaysia Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырауына байланысты қатты қайғырып көңіл айтты.
Егер рейсті орындау мүмкін болмаса немесе жолаушылар ұшудан бас тартса, "Эйр Астананың" брондау және ақпарат орталығында ешқандай комиссиясыз қайтарылады
"Бұл оқиғаның мән-жайы анықталғанға дейін "Эйр Астананың" КС 401/402 Алматы-Киев-Алматы рейстері 2014 жылғы 18 шілдеден бастап, 24 сағат мерзімге тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Компаниядан хабарлағандай, кестедегі барлық өзгерістер туралы жолаушылар қосымша хабардар етіледі.
"Егер рейсті орындау мүмкін болмаса немесе жолаушылар ұшудан бас тартса, қайта брондау немесе ақша қаражаттарын қайтару әуебилеттер сататын агенттіктерде немесе "Эйр Астананың" брондау және ақпарат орталығында ешқандай комиссиясыз қайтарылады", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, малайзиялық авиажелілердің Boeing 777 ұшағы Украина аумағында ресейлік шекараға таяу маңда апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 283 жолаушы, экипаждың 15 мүшесі болды. Олардың бәрі де қазаға ұшырады.
БАҚ апаттың апатқа ұшырауына байланысты әуе кемесін атып түсірген болуы мүмкін дегенге дейін әртүрлі қарама-қайшы болжамдарды жариялауда. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/322443.html
ҚазАқпарат