Қараусыз жатқан жерді 7 жылдан кейін өз атыңызға аударуға болады!
2014 ж. 17 шілде
1582
0
ҚР заңына сәйкес, егер сіз өзге адамның қараусыз қалған жылжымайтын мүлкін тұрақтасаңыз, 7 жылдан кейін өзіңіздің атыңызға заңдастыру мүмкіндігіне ие боласыз. Бұл туралы Алматы телеарнасына берген сұхбатында Алматы қаласы Әділет департаментінің бас маманы Нұралы Шахабаев мәлімдеді.
"Егер сіз біреудің жылжымайтын мүлігін жеті жыл бойы тұрақты түрде пайдалансаңыз, сол жылжымайтын мүлікке байланысты барлық салықтарды төлесеңіз және жылжымайтын мүлікке қатысты коммуналды қызметтерді, шығындарды және жылжымайтын мүліктердің барынша сақталуына іс-әрекет жасасаңыз, бұл заңға сәйкес, өзіңізді меншік иесі деп тануға, 7 жылдан кейін сотқа шағымдала аласыз. Сонымен қатар, міндетті түрде куәгерлер болуы тиіс. Өзіңіздің аудандық сотыңызға шағымданыңыз. Сотқа шағымдану арқылы меншік құқығыңызды растайсыз", - дейді Нұралы Шахабаев.
Шахабаевтің айтуынша, жылжымайтын мүлікті растауда бірнеше құжаттарды жинастыру қажет. Меншік иесіне қатысты ақпарат, Алматы жер басқармасынан жерге қатысты құжаттарды, Алматы қаласы жылжымайтын мүлік орталығынан үйге қатысты құжаттардың түпнұсқасын жинастырып, өтініш жазу міндетті.
Сот шешімі шыққанннан кейін құжаттарды заңды түрде өзіңіздің атыңызға заңдастыру мүмкінгіне ие боласыз.