Қанішер ана 11 айлық баласын тұншықтырып өлтіріп, суреттерін ғаламторда жариялады
2014 ж. 15 шілде
1746
0
Нью-Йоркте Николь Келли есімді әйел 11 айлық өз баласын тұншықтырып өлтірген. Себебі оның бала сүйгісі келмеген көрінеді.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, қатыгез ана баласынан шаршағанын, сондықтан тұншықтырып өлтіргенін айтқан. Баланың өлімінен соң ол оның киім-кешектерін лақтырып тастайды.
Сондай-ақ оны суретке түсіріп, Facebook-те "Жаның жай тапсын!" деп жариялап жіберген. Кейін әйел әлеуметтік желідегі парақшасына баласын сағынғандығын жаза бастайды.
"Мен - оның анасымын, оны қорғауым керек еді. Тұңғыш баламды ешқашан ұмытпаймын. Ол мәңгілік менің жүрегімде қалады", - деп жазған қылмыскер.
Әйелді қамауға алынды. Егер сот оны кінәлі деп тапса, ол түрмеде 25 жылын өткізеді.