Заңсыз жолмен жұмысқа орналасқан шенеуніктер...
2014 ж. 14 шілде
2764
1
Қызылордада заңсыз жолмен жұмысқа орналасқан екі шенеунік қызметтен қуылды. Бұл туралы BNews.kz Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/321715.html
Тәртіптік кеңесте Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Әбілев пен Әйтеке би кенті әкімі аппаратының жетекші маманы Құлмахановқа қатысты іс қаралды. Олар бос жұмыс орнына қызметке орналасқан кезде тест тапсырғанын растайтын жалған сертификаттың көшірмесін комиссияға өткізген.
Аудан әкімі аппаратының конкурстық комиссиясы құжаттың түпнұсқасын талап етпей, жұмысқа қабылдауға шешім шығарған. Енді олар жұмыстан қуылып, материалдары қаржы полициясына жолданды. Ал оған жол берген комиссия мүшелеріне қатаң ескерту жарияланды.