Астананың кейбір көшелері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады
2014 ж. 11 шілде
2015
1
Бүгіннен бастап 21 шілдеге дейін ТМ-18 жылу магистралін қалпына келтіруге байланысты Б. Момышұлы даңғылы мен Мирзоян көшесінің бұрышы жабылады. Бұл туралы astana.kz сайты Астана қаласының Энергетика басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Айта кетейік, жазда қаланың кейбір көшелерін жөндеу жұмыстары қолға алынады. Ведомство қызметкерлері жүргізушілерден қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау үшін жол-құрылыс жұмыстары жүргізілетін кезеңде жөнделіп жатқан жолдарға жақын жерлерде қажетті ескерту мен тыйым салу белгілері орнатылады.