Израиль Қазақстанға ұлттық су компаниясын құруға көмектеседі
2014 ж. 11 шілде
1679
0
Қазақстанда ұлттық су компаниясы құрылмақ. "Жаңа ведомствоны құруда Израиль мамандары қолдау көрсетеді", - деп хабарлайды еліміздің қоршаған орта және су ресурстары министрлігі.
Ақтау қаласында Нұрлан Қаппаров израильдік "Мекорот" ұлттық су компаниясының бас директоры Шимон Бен-Хамомен кездесті.
Екі тарап Қазақстанда су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумына қол қойды.
Жоспар бойынша "Мекорот" компаниясы консультациялық, ұйымдастырушылық және технологиялық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, қазақстандық мамандарды су шаруашылығы саласы бойынша оқытатын арнайы оқу орталығы ашылады деп күтілуде.
Айта өтейік, израильдік "Mekorot National Water Company Ltd" су саласындағы мемлекеттік компаниясының тәжірибесі мол.
Су ресурстарын басқарудағы ұсақ-түйек жұмыстардан бастап елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, сарқынды суларды өңдеу және кәдеге жарату, жер асты суларын үлгілеу, су объектілерінің қауіпсіздігін және ауыл шаруашылығы мен коммуналдық салалардағы су сапасының тиісті деңгейін қамтамасыз ету сияқты жұмыстарды атқарумен шұғылданады. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/321377.html
ҚазАқпарат