Қырғызстан өздеріндегі жанар-жағармай тапшылығына Қазақстанды кінәлады
2014 ж. 11 шілде
1245
0
Елдің жанармай қауымдастығының мәліметінше, Қазақстандық кеденшілер көрші елге кіруі тиіс мыңға жуық жанармай толы вагонды жібермей отыр.
Салдарынан айырқалпақты ағайындар, жанар-жағармай тапшылығына тап болдық дейді.
"Көрші ел кеденшілерінің Қырғыз еліне келе жатқан жанармай толы вагондарды тоқтатуына Қазақстан Үкіметінің шығарған қаулысы себеп. Онда, мұнай өнімдерін 6 айға дейін шығармауға шектеу қою туралы айтылған. Алайда, ол қаулы ішкі нарықты қамтамасыз етуге қатысты", - дейді елдің мұнайтрейдерлерінің заңгері Әсел Рысбаева.
Ал Ресейден Қырғызстанға бағытталған транзиттік тауарлар мен жүктерге қатысы жоқ. Ал еліміздің Жамбыл облысындағы кедендік бақылау департаменті осы мәселеге байланысты ресми сайттарында түсінік берген.
Онда, жанармай толы 427 вагонның "Құлан" кеден бекетінде ұсталғаны айтылған. Отандық кеденшілердің мәліметінше, жанармай тасымалдаушы тұлғалар кедендік одақтың келісімдерін бұзған.
Осы оқиға бойынша облыстық кедендік бақылау департаменті жалпы құны 1,6 миллиард теңге болатын контрабандалық мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және іс облыстық қаржы полицейлеріне берілгенін мәлімдеді. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/321335.html
7 арна