Қазақстандық жол сақшылары ресейлік жүргізушіні қылқындырған
2014 ж. 10 шілде
1478
2
Қостанай облысы арқылы көрші елге қарай өтіп бара жатқан ресейлік жүргізушіден қазақстандық жол сақшылары пара сұрап, соңынан қылғындырған.
Жүргізушінің айтуынша, жол-потрульдік полиция қызметкерлері оны заңсыз тоқтатып, пара алмақ болған. Айлалары жүзеге аспағаннан кейін жұдырық ала жөнеліпті.
Шағымданған азамат бұл әрекеттің барлығын ұялы телефонының бейне камерасына түсіріп алған. Бұдан кейін өз құжаттарын полицейлердің қолынан жұлып алған жүргізуші дереу өз көлігіне отырып қаша жөнеліпті.
"Ең қызығы, жол сақшылары соңымнан қуған жоқ", - дейді ол.
Ал Қостанай облысы ІІД-нің қызметкерлері осы оқиғаға қатысты ішкі тексеріс басталғанын мәлімдеді.
"Әлеуметтік желідегі "Қостанайлық жол сақшыларының ресейлік жүргізушіні қылқындырды" деген бейнеролигіне байланысты ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Қорытындысы шыққанда сіздерге хабарлаймыз", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Әділбек Нұрмахин.
Бұл оқиға биыл сәуір айының басында болған. Алайда бейнетүсірілім ғаламторға тек жетінші шілде күні шығып отыр. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/321172.html
7 арна