Боксшы мен бойжеткен: "жекпе-жек" жалғасуда...
2014 ж. 04 шілде
2190
12
Бойжеткенге қол көтерді деп айыпталған Бахтияр Артаев бүгін ешкімді ұрмағанын мәлімдеді. Олимпиада чемпионы бұл жағдайды "біреулердің арандатушылық әрекеті" дейді.
Сондықтан жақын уақытта ушыққан мәселенің анық-қанығына жетіп, оқиғаның ақ-қарасын анықтамақшы. Алайда боксшыдан таяқ жеген бойжеткен Бахтияр Артаевты сотқа беруге бекініп отыр.
Астаналық бойжеткен түнгі клубта одан таяқ жедім деп шағымдануда.
"Бір ер жігіт келіп, құйрығымнан қойып қалды. Бұрылып қарасам, қарындас кешіріңіз дейді. Күзетті шақырдым. Жанымдағы қыздар ол Артаев қой дейді. Ал анадай жерде достары ыржалаңдап, менің қолымды ұстап қалды. Ашуланып, ертең шағымданам деп айқайладым. Ол бұрылып келді де мені бетімнен қойып қалды", - дейді Айсұлу Ыбрашева КТК арнасына.
"Жақ-сүйегіме зақым келді деп емхана жағалап жүрген бойжеткен полицияға да шағым түсіріп қойыпты. Қазір бұл іспен Астананың тергеушілері айналысып жатыр. Айта кетейік, түнгi клубтардың бiрiнде қызды ұрды деген фактi бойынша Бақтияр Артаевқа қатысты қылмыстық iс қозғалды, деп хабарлайды Астана қаласы Iшкi iстер департаментiнiң баспасөз қызметiнен.
"Аталмыш фактiге орай Қылмыстық Кодекстiң 257 бабы 1 бөлiгi бойынша (бұзақылық) қылмыстық iс қозғалды", - делiнген хабарламада. IIД хабарлауынша, бұл бап бойынша 200-ден 500-ге дейiн айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде (370 мың 400 теңгеден 926 мың теңгеге дейiн) айыппұл, екi жылға дейiн бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/320386.htmlАл даңқты боксшының өзі бойжеткенге саусағымның ұшын да тигізбедім деп азар да безер.
Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев: "Мен ол қызды танымаймын. Менің алдымда билеп тұр екен. Кедергі келтірген соң "әрі тұрыңыз"дегендей сәл ығыстырдым. Ол мен жаққа бұрылып боқтап аяғымен теуіп жіберді. Шынымыды айтайын, өзі айтпақшы, мен оның еш жеріне де тиіскен жоқпын. Келесі күні менің достарыма хабарласып: "Бақтияр маған хабарлассын деп жалыныпты". Хабарласып,кешірім сұрадым. Кездеспекші де болдық. Алайда, мен қайтара хабарласқанымда телефоны тұтқасын көтермеді. Ертеңінде БАҚ өкілдеріне "Артаев менің бетімді көгертті" деп сұхбат беріпті. Мен ол қыздың мұның бәрін қандай мақсатпен жасап отырғанын білмеймін", - деп ақталуға тырысты.
Сонымен қатар боксшы "Егер мен оған шыныменен де қол жұмсаған болсам, ол БАҚ-қа сұхбат бере алмас еді. Ал бойжеткеннің бетінде тіпті көгерген жері де жоқ", - деп қосты.
NUR.KZ