Оралда футболдан әлем чемпионатын болжайтын көріпкел мысық бар
2014 ж. 30 маусым
1914
0
Сюзи есімді оралдық мысық Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты ойындарының нәтижесін болжайды, деп хабарлады "Уральская неделя".
Сюзи өзге көріпкел жануарлар секілді бәсекеге түскен құрамалардың аты жазылған қағаз жапсырылған ыдыстағы тағамды таңдау арқылы болжайды екен.
"Сюзидің мүмкіндіктерін алғаш рет мамыр айында тексеруге бел будым. Ол кезде Германия кубогының ақтық сыны өтіп жатқан еді. Дортмундтың "Боруссия" командасы мен "Бавария" арасындағы ойында мысық соңғысы жеңіске жететінін алдын ала болжады, - дейді жануар иесі Әлихан. - Одан кейінгі ойындарды да мысығым қатесіз болжап отырды. Тек бір рет қана қателесті".
Алайда, Әлиханның сөзіне қарағанда, биылғы әлем чемпионатында Сюзи әлі қателескен жоқ. Ал журналистерге алдағы ойындардың нәтижесі керек. Мексика мен Нидерланд кездесуінде Сюзи голландықтарға басымдық берген болатын.
Оралдық мысықтың болжамы дәл келіп, голландықтар ширек финалға жолдама алғанын еске сала кетейік. Ал Франция мен Нигерия бәсекелесінде ол француздар топ жарады деп болжады. Мысықтың көріпкелдік қасиетін бүгін тексере аласыздар. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/319747.html
Казинформ