Әли Оқапов алғашқы альбомының тұсаукесерін өткізді
2014 ж. 25 маусым
2561
0
Жастардың талғамынан шығып, сахна төрінде би мен әнді үйлестіре білген әншіні құттықтауға анасы мен ең жақын достары, өнердегі әріптестері келді. Олардың қатарында Ерлан Алимов, Әсел Сағатова, Айқын Төлепберген, Әлішер Каримов, Аша Матай, Алмас Кішкенбаев, Меломен, Орда, Ринго топтары, Артур Төлепов, Луина, Дильназ Ахмадиева болды. Кешті көрерменге күлкі сыйлап жүрген Еркебұлан Мырзабек мен Марат Оралғазин жүргізді.
Альбом «Арман» деген есіммен аталған. Оны Әлиден не себепті және неге сүйеніп қойғандығын сұрағанда «Арман әні ол менің ең алғаш жарық көрген және халық арасында кеңінен танымал болып келген әндерімнің бірі болғандықтан осылай атауды жөн көрдім» деп жауап қатты. Албом он бес ән жинағынан тұрады: 13-і қазақ, қалған екеуі орыс тілінде жазылған.
Кештің басы әсем ән мен тәтті күйден басталып, би кештеріне ұласты. Соңына қарай Әли барлық қолдаушылары мен жақындарына ыстық лебізін білдіріп, ән табақшасы тәрізді етіп жасалған дәмді торттан ауыз тигізді.
massaget.kz
http://massaget.kz/madeniet/music/19551