Қылмыстық Кодекстiң жаңа жобасына «медициналық қылмыс» ұғымы енгiзiлдi
2014 ж. 24 маусым
2392
0
Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдiров мәлiм еттi.
«Қылмыстық Кодекске жаңа бөлiм енгiзiлдi. Ол «Медициналық қылмыстар» деп аталады. Оның негiзгi жаңалығы - фармацевтика саласындағы алаяқтық әрекеттер заңмен жазаланатын болады», - дедi Н.Әбдiров.
Айта кетейiк, Қылмыстық Кодекстiң жаңа жобасы Парламентте талқылануда.
Қолданыстағы Қылмыстық Кодекс 1998 жылдың 1 қаңтарында күшiне енген болатын. Н.Әбдiровтiң айтуынша, содан берi оған 50-ден астам өзгертулер енгiзiлген.
«Оны заман талабына сай ету үшiн осы жылдар аралығында талай жұмыстар жасалды. Уақыттың сынынан сәттi өткен сол өзгертулер Кодекстiң жаңа жобасында қалдырылды», - дейдi ол.
Қазақпарат