Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ
2014 ж. 20 маусым
1460
0
Қазақстан жыл соңына дейін мұнай экспортын шектей тұрады. Отандық мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осылай деп мәлімдеді.
Сенат депутаттары мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім-шартты рәсімдеу мәселесін қараған.
Министрдің айтуынша, бізде бензиннің қоры жеткілікті. Қолда бар сұйық отын көлемі 200 мың тоннадан асады. Бүгінде екінші жарты жылдыққа белгіленетін баға көлемі талқыланып жатыр. Қалай болғанда да салада күрделі бір жағдай қалыптасты деп айтуға негіз жоқ.
Еске салайық, 2009 жылдан бастап ел Үкіметі мұнай өнімдерінің шекті бағасын белгілеп отыруды қолға алған. Алайда ол шектеулер тек бөлшек саудаға ғана қатысты болып келеді. Осы орайда жанар-жағармай құю станцияларының қожайындары көтерме баға мөлшерін де шектеп отыру қажет деп санайды.
"Биылғы жылдың аяғына дейін осы келісім-шарт өзінің күшінде болады. Бұл келісім бойынша биылғы жылы Ресейден алған мұнай өнімдеріне біз кері төлем ретінде мұнайымызды бермейтін болып келістік. Сонымен қатар, біздер өзіміздің мына ашық түсті өнімдерімізге, мысалы, бензин, дизтопливо сияқты жанармайларды экспортқа шығаруға тиым салынды", - деп түйіндеді сөзін ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.
NUR.KZ